Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 03 қазан, 23:57

Жылу маусымына дайындық барысы пысықталды

20.09.2025

36

0

«Amanat» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиында аудан бойынша білім беру және денсаулық сақтау саласы мекемелерінің алдағы жылу маусымына дайындық барысы қаралды. Комиссия отырысына аудандық білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов пен аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Гүлсім Қаюпова жылу маусымына дайындық барысы туралы баяндады.

Басқосуда жылу жүйелерінің да­йын­дығы, көмір және сұйық отынмен қам­тылу жайы, жылу маусымына толықтай әзірлік барысы кеңінен қаралды. Ко­миссия мүшелері тарапынан қосым­ша сұрақтар қойылып, бірқатар нақ­ты ұсыныс айтылды. Мақсат – қыс мезгілінде білім мен медицина сала­сының тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істе­уін қамтамасыз ету.
Айта кетейік, ауданда білім беру ұйы­мы бойынша 32 нысан бар. Оның ішінде 20 мектептің 15-і сұйық отынмен, 2-еуі қатты отынмен жылытылады. Үш мектеп газбен, мемлекеттік 10 бала­бақшаның 6-ауы сұйық отынмен, 3-еуі газбен, 1 балабақша қатты отын­­мен, «Ақ­терек» сауықтыру лаге­рі, оқу­шы­лар үйі сұйық отынмен жылыты­лады. Барлық мекеме жылу паспортын биыл 2 қыркүйекке дейін алған.
– Алдағы жылу маусымына дайын­дық мәселесі басты назары­мызда. Қыс мезгілінде оқушылардың еш кедергісіз білім алуына жағдай жасаймыз. Бар­лық білім ошағы, бала­бақшалар уақы­тында қажетті отын қо­рымен қамты­лады. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұ­мыс­тар басталып кетті. Тек кент орталығы ғана емес, ауылдық елді мекендерде орналасқан білім ошақтарының алдағы жылу маусы­мына дайындығы басты назарымызда. Тіпті кешегі оқушылардың жазғы де­ма­лысында жаңа оқу жылы мен жы­лу маусымына қатар дайындықты пы­сықтап алдық. Алдағы уақытта бұған қатысты мәселе болмайды, – деді Тал­ғат Құрақбайұлы.
Биыл мектептерге сұйық отынға 448,8 млн теңге, қатты отынға 7,8 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда қорда мек­тептер бойынша 712 литр сұйық отын бар.
Жылу маусымына дайындықты ұйым­­дастыру мақсатында облыс­тық білім басқармасына жылу қа­зан­дық­та­рына қажетті құрал-жабдық­тар­ға, бу қазандықтары мен насостар алу­ға 10981 мың теңге қаржы беріліп, қа­жетті заттармен қамтамасыз етілген. Ба­лабақшалар бойынша биыл сұйық отын­ға 80,9 млн теңге, қатты отынға 800 мың теңге қаралған.
Жылу маусымына дайындықты ұйым­дастыру мақсатында облыс­тық білім басқармасына жылу қа­зан­дық­тарына қажетті құрал-жаб­дық­тар­ға, бу қазандықтары мен насостар алуға 5744 мың теңге беріліп, қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Балабақшалар бо­йынша сұйық отынға қажеттілік 122,3 литрді құрайды. Сонымен қа­тар №31 мектептің қазандықтарын кө­гілдір отынға көшіру жоспарланып, бюд­жеттен 6836 теңге бөлінді.
Жалағаш аудандық ауруханасына қарасты 19 ғимарат бар. Оның 16-сы ауыл­дық елді мекендерде орналасқан, үшеуі аудан орталығында. 19 нысанның 3-еуі газ жүйесімен жабдықталса, 15 ғи­марат көмірмен және 1 нысан тоқ кө­зімен жылытылады.
– Аудандық ауруханаға қарасты барлық медициналық нысанның ал­да­ғы жылу маусымына дайындық ба­рысы күнделікті бақылауда. Меди­ци­­налық нысандарды отын қорымен қам­тамасыз ету үшін осыған дейін ар­на­йы кәсіпорындармен келі­сім-шарт жа­­­сал­ды. Аудан орталы­ғы­нан шал­ғай­­дағы елді мекендерде орналас­қан ме­дициналық нысандардың жылу мау­­сымына дайындығы да бақылауда. Біз де бұған дейін жылу маусымына да­йындықты бірнеше рет пысықтап ал­дық. Алдағы уақытта аудандағы бар­лық медициналық нысан қажетті отын қорымен толық қамтамасыз еті­леді, – дейді бас дәрігердің орынбасары.
Гүлсім Қаюпова көмірмен қам­та­масыз ету бойынша биыл қаңтар айын­­да «ОЛЖАС-2005» ЖШС-мен 660 тон­на көмірге келісім-шарт жасалғанын ай­тады. Бүгінгі таңда 660 тонна көмір қа­былданған.
Сондай-ақ ол елді мекендер бо­йынша Мәдениет, Таң және Жаңа­қоныс ауылдық дәрігерлік емхана ғима­рат­тарына ағымды жөндеу жұмыстары жүр­­гізіліп, жылу жүйесі трубалары мен бу қазандығы ауыстырылғанын жет­кізді. Мақпалкөл ауылындағы ғи­маратқа қосымша бу қазандығы ор­натылып, 110 метр жылу трубасы қойылған. Есет батыр ауылындағы жа­ңа ғимартқа орналасты. 2025-2026 жыл­дардағы жылу маусымына бар­лық ел­ді мекен дайын, жылу жүйесі 15-қазаннан бастап іске қосылмақ.
Иә, «әлі қыс алда» деп арқаны кең­ге жаюға тағы болмайды. Оның үс­тіне қыркүйек ортасынан ауғаны ке­ше ғана сияқты еді. Қазірдің өзінде күн салқындап бара жатқандай. Сон­дықтан алдағы жылу маусымына да­йындықты алдын ала пысықтап ал­­ғанның ешқандай айыбы жоқ. Дайын­дық кезінде тіпті жы­лу құралдарының да сапасы, қауіп­сіздік талаптары на­зар­дан тыс қал­ма­уы керек.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: