Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 23 қыркүйек, 20:56

Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі

23.09.2025

12

0

Өрт – адам өміріне, денсаулығына және мүлікке үлкен қауіп төндіретін төтенше жағдайдың бірі. Тұрғын үйлерде өрттің шығу себептері көбінесе электр сымдарының дұрыс қолданылмауынан, тұрмыстық электр құралдарын бақылаусыз қалдырудан, пеш пен газ жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзудан туындайды.

Өрт қауіпсіздігін сақтау үшін әрбір тұрғын бірқатар талапты орындауы тиіс. Электр сымдары мен розеткалардың жарамдылығын тексеріп отыру керек. Электр құралдарын ұзақ уақытқа қосулы қалдырмау қажет.
Газ жабдықтарын қолданғанда ақаусыз екеніне көз жеткізу бәрінен маңызды. Пешті жағу кезінде қатаң қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.
Балалардың қолына сіріңке, газ жандырғысы сияқты өрт тудыратын заттарды бермеу керек. Пәтерде немесе үйде өрт сөндіргіш құралдарының болуын қамтамасыз ету маңызды.
Өрт шыққан жағдайда дереу «101» немесе «112» нөміріне хабарлау керек. Сондай-ақ адамдарды эвакуациялап, қауіпсіз жерге шығару қажет. Мүмкін болса, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана білу де маңызды. Әрбір азаматтың сақтығы – отбасы мен қоғам қауіпсіздігінің кепілі.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: