2025 жылғы 22-23 қыркүйек күндері Жалағаш ауданында Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, исламтанушы Жанболат Жұматұрұлының қатысуымен бірқатар маңызды іс-шаралар өтті.
Аталған шаралар Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» әлеуметтік жобасы аясында және «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Іс-шаралар аясында аудан жастарымен, тұрғындарымен, спорт қызметкерлерімен, дін қызметкерлерімен, мешіт жамағаттарымен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулер барысында рухани құндылықтарға негізделген тәрбиенің маңызы, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік пен жастардың рухани иммунитетін қалыптастыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Шаралар қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылыққа ие болып, ашық сұхбат пен пікір алмасу форматында өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!