Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Жұма, 03 қазан, 15:45

Адал еңбекке қашанда қолдау бар

29.09.2025

67

0

Еңбек күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы «Өнер» орталығында «Адал еңбек – адал азамат» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған Сенат депутаты Наурызбай Байқадамов, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов пен құқық қорғау органдарының басшылары, қала, аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, шаруашылық өкілдері қатысты.

Салтанатты жиында аймақ бас­шы­­сы «Үлгілі елді мекен» облыстық кон­­курсы жеңімпаздарына 19 арнайы ком­муналдық техника және қаржылай сы­йақы табыстады.
– Президентіміздің бастамасымен қол­ға алынған «Таза Қазақстан» жал­­­­­­­пыұлттық экологиялық бағдар­ла­­масы өңірімізде қарқынды жүзеге асу­­­­да. Қаламыздағы, аудан орталық­та­­­рындағы, ауылдардағы парктер, ск­вер­­­­­­­­лер мен аллеяларды, көп­қа­батты тұр­­ғын үйлердің аулаларын абат­тан­дырудамыз. Ауа райының қолай­сыз­дығына қарамастан, тыным­сыз еңбек еткен жерлестеріміздің арқа­сында об­лы­сымыз таза әрі көркем ай­маққа ай­налып келеді. «Ауыл – ел бесігі» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ауыл­ды дамыту – мемлекеттік сая­сат­тың аса маңызды стратегиялық мақ­саттарының бірі. Елді мекендерді да­мыту, оның ішінде ауылдағы аға­йын­­ның өмір сапасын жақсарту, қо­лай­лы орта қалыптастыру, ауылдағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ын­­та­ландыру мақсатында 2023 жылдан бастап дәстүрлі түрде «Үлгілі елді ме­кен» конкурсы өткізілуде. Биыл 564 млн тең­геге 19 техника сатып алынды. Әр ау­дандағы бір ауылды абаттандыру, көр­кейту жұмыстарына 100 млн тең­геден астам қаржы беріледі. Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем етуге бағытталған «Үлгілі елді мекен» конкурсы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасады. Келер жылы конкурсты өткізуге облыстық бюджеттен 500 млн теңгеден астам қаржы бө­лінеді. Бірліктің туын биік ұстап, туған жеріміздің келбетін көркейту жолында аянбай қызмет етіп жүрген еңбек адам­дарын әрдайым құрметтейміз, – деді облыс әкімі.
Жыл сайын өтетін «Үл­­гілі елді ме­кен» конкурсының «Үлгілі ауыл» номи­нациясы бойынша І орынды Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауы­лы, ІІ орынды Арал ауданының Қы­зылжар ауы­лы, ІІІ орынды Қармақшы ау­даны­ның Ақжар ауылы жеңіп алды. «Үлгілі аудан» номинациясы бойынша І орынды Шиелі кенті, ІІ орынды Әйтеке би кенті, ІІІ орынды Жаңақорған кенті ие­лен­ді.
Тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін ауыл­дардың абат­тандыру жобаларын қар­жы­лан­дыруға 15 млн теңгенің сер­ти­фи­кат­тары та­быс­талды. Атап ­айт­­сақ, Арал ау­да­ны­ның Ақбай, Қа­за­лы ау­да­нының Бөз­көл, Қармақ­шы ау­­да­нының Қуан­дария, Жалағаш ау­да­­нының Жаңа­дария, Сыр­дария ау­да­ны­ның Ің­кәр­дария, Шиелі ауда­ны­ның Май­лы­тоғай және Жаңа­қор­­ған ау­даны­ның Қыраш ауыл­дарына беріл­ді.
Еске салайық, соңғы екі жылда конкурс жеңімпаздарына 1 млрд 500 млн теңгенің күнделікті ел тұрмысына қажетті заманауи үлгідегі 48 арнайы техникасы табысталған болатын.
Шалғайдағы Жаңадария ауылын­дағы ағайынның бүгінде тірлігі мығым. Еңбекке епті елді мекен жұрты жыл сайын бақша өнімдерін баптауда то­лайым табысқа жетуде. Ауылда қай са­ланы алып қарасаңыз да даму қар­қыны қуантады. Кешегі ­салта­нат­ты шарада тірек және серіктес елді ме­кендер санатына кірмейтін ауыл­дар­дың абаттандыру жобаларын қар­­­жы­ландыруға 15 млн теңгенің серти­фикаттары табысталған болатын. Бұл қар­жылай сыйлық дәл осы ауылға да бұйырып отыр. Ауыл әкімі Рауан Ақ­панбетов аталған байқау елді ме­кен­дер­дің екінші тынысын ашуға үлкен мүм­­кіндік беретінін айтады.
– Бұған дейінгі жылдары мұндай қолдауға ауданнан бірнеше ауыл ие болған еді. Енді дәл осындай қуа­ныштың кезегі Жаңадария ауылына келіп отыр. Мұндай үлкен қолдау үшін аймақ басшысына үлкен алғысымды білдіремін. Бұл байқаудың маңызы жо­ғары, өйткені мұндай шаралар арқылы елді мекендердің екінші тынысын ашуға болады. Алдағы уақытта шалғайдағы ауылдың шаруасын ширатуға әлі де тал­май еңбек етеміз, – дейді ауыл әкімі Рауан Ақпанбетов.

Е.АНУАРҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: