Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

19°C

, Жұма, 03 қазан, 15:45

Чемпиондар лигасында ойнауға лайық – «Реал» бас бапкері «Қайрат» туралы

01.10.2025

50

0

 Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Чемпиондар лигасының екінші турында «Қайратқа» қарсы ойынға қатысты пікір білдірді.

«Біздің ойында жеңіске жету және Чемпиондар лигасындағы науқанымызды жеңіспен жалғастыру деген мақсатымыз бар болатын. Қалған матчтарда жеңіске жетуге тырысамыз. Мақсатымызға жеттік, барлық ойыншы жақсы деңгейде ойнады», – деді Хаби Алонсо.

Бас бапкер Вальверде неге алаңға шықпанын да түсіндірді. Оның айтуынша, Вальверде алаңға шығуға әрқашан дайын. Егер матч бағыты басқаша болғанда, ол шығатын еді. Кареррас пен Вальверде көп ойын өткізгендіктен, оларға демалыс берілді.

Алонсо «Қайратқа» қарсы ойында Мбаппенің рөліне баға беріп, ол қазіргі уақытта әрбір матчта шешуші рөл атқарып жүргенін айтты.

«Ойын басында қарсыласта бетпе-бет келетін жағдай болды. Гюлер де әріптестерімен өте жақсы байланыс орната алды. «Қайраттың» қарқынына таңғалдық. «Қайрат» – жақсы команда, олар Чемпиондар лигасында ойнауға әбден лайық. Бұл алматылық команданың жанкүйерлері үшін маңызды екенін түсінеміз. Бұл стадионда бізді өте жақсы қарсы алды», – деді Хаби Алонсо.

Бас бапкер Алматыда олар негізінен тек жұмыс істегенін, бірақ уақыт көбірек болғанда, міндетті түрде тауға баратынын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: