Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов Жалағаш кентіндегі теміржол вокзалының құрылыс жұмыстарын аралап, жобаның жүзеге асу барысын көрді.
Сапар барысында құрылыс жұмыстарының сапасын назарда ұстау қажеттігін атап өтіп, мердігер мекемеге нысанның құрылыс қарқынын арттыру, аумақты абаттандыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, Жалағаш ауданы аумағынан өтетін теміржол желісінің жалпы ұзындығы 47 шақырымды құрайды. Жалағаш станциясы арқылы «Алматы-1 – Ақтөбе», «Ақтөбе – Алматы-1», «Алматы-2 – Маңғыстау», «Маңғыстау – Алматы-2», «Қызылорда – Павлодар», «Павлодар – Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойыздары қатынайды.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!