Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Жұма, 03 қазан, 12:48

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

02.10.2025

36

0

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғани Сүлейменов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев бірқатар ардагерлерді арнайы құттықтап барып, облыс және аудан әкімінің атынан мерекелік лебізін жеткізді.

«Ардагерлеріміздің жүріп өткен ғұмыр жолы – елдік пен ерліктің айнасы. Әділдікті ту етіп, ақиқат пен адалдықты ардақтаған сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз – жас ұрпақ үшін үлкен тәрбие мектебі. Сіздердің зор еңбектеріңіз ауданымыздың берік іргетасын қалауға сеп болды», – деді Ғани Сүлейменов.

Әр салада қажырлы еңбек етіп, өңірдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан ардагерлер облыс көлемінде атқарылып жатқан оң өзгерістерді атап өтіп, ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: