Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:44

Ashyq жүйесі қайта іске қосылуы мүмкін

22.07.2022

635

0

Бұл туралы ДСМ инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Белгілі бір өңір матрицаға сәйкес «қызыл» аймаққа өткен жағдайда қатаң карантин енгізу мәселесі қарастырылады. Бүгінде бір өңір – Нұр-Сұлтан қаласы ғана «сары» аймақта тұр. Өңір «сары» аймақта болған кезде бизнеске жүктеме түсіретін қандай да бір қатаң шектеу іс-шарасы көзделмеген», деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол Ashyq жүйесін енгізу мүмкіндігіне қатысты сауалға да жауап берді.

«Өңір «қызыл» аймаққа өткен жағдайда Ashyq жүйесі және екі кезеңнен тұратын шектеу іс-шаралары енгізілуі мүмкін. Бірақ, бұл іс-шаралар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен талқылау сатысында тұр», деді Роза Қожапова.

Басқарма басшысы бүкіл шешім ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін ғана қабылданатынын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: