Алматыда өткен “Қайрат” пен “Жетісу” арасында матчынан кейін “Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихатында журналистердің бір қатар сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
“Қайраттың” бас бапкеріне қойылған сауалдардың көбі 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза мен Темірлан Анарбековке сыйға берілген көлік жайында болды.
“Әрине, біз кәсіпкерлерге сыйлық беруге тыйым сала алмаймыз. Бірақ мәселенің мәнін дұрыс түсіну керек. Бір ойыншыны бөліп көрсету – бұл дұрыс емес. Футбол – командалық ойын. Егер көмектескісі келсе, жалпы клубқа көмектессін. Ал егер сыйлық бергісі келсе – барлық ойыншыларға берсін. Мен ешкімді үйрете алмаймын, бірақ командалық тұрғыдан алғанда, бір адамды ерекшелеп марапаттау – дұрыс емес шешім. Біздің клубтың ұстанымы да сол – біз бір командамыз. Егер сыйлық берілсе, ол клубқа берілсін. Мысалы, автобус немесе микроавтобус. Менің жеке пікірім – осындай жекелей марапаттау қажет емес”, – деді Рафаэль Уразбахтин.
Еске салайық, Чемпиондар лигасында “Қайрат” футбол клубы өз алаңыда Шотландияның Селтигін қабылдаған еді. Негізігі уақытта қос команда да есеп аша алмай, ойынның тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бұл ойында Қайраттың қақпасын сенімді түрде қорғап, үш бірдей пенальти қайтарған Темірлан Анарбеков өз командасын чемпиондар лигасына шығарды. Осыдан кейін матчтың қаһарманы атанған Темірлан Анарбековке Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов Apple Macbook, ал бас бапкер Уразбахтинге Hyundai Palisade көлігінің кілтін табыстаған.
Бұған қоса “Реалға” қарсы ойында Қайраттың қақпасын қорғап, желі жұлдызына айналған Шерхан Қалмұрзаға кәсіпкер Ұлықбек Шарипов заманауи Exeed көлігін сыйға тартты.
Ал Темірлан Анарбековке Zigi Zagi компаниясы арнайы көлік сыйлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!