Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Сәрсенбі, 08 қазан, 12:51

Балаларды спортқа баулыған

07.10.2025

29

0

Нұрбол Серікұлы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алып, еңбек жолын енді бастаған жас маман. Қазіргі таңда ол З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Басты мақсаты – оқушыларды спортқа баулу.

Спорт залдың есігін ашқан сәтте бізді бар ынтасымен ойын ережелерін тү­сіндіріп жатқан ұстаз бейнесі қарсы алды. Жас маманның әр қимылынан өз ісі­не деген сүйіспеншілігін аңғару қиын емес. Білім саласында алғашқы қа­дам­­ын жасап жүрген ұстаз оқушы­ларды спор­­т­­­қа баулып, жарыс­қа дайын­дай­ды.
– Алдыңғы оқу жылы «Ұлттық мектеп лигасында» гандбол спортынан 3 жүлде еншіледік, яғни 5-6 сынып оқушылары ІІ орын, 7-8 сынып оқушылары ІІ орын, 9-11 сынып оқушылары ІІІ орын ие­лен­ді. Жарыс спорттың 9 түрінен ұйым­дас­тырылды. Футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұ­малақ, теннис, шахмат секілді спорттық сайыстар қамтылды. Жарысқа аудан кәсіпкерлері, соның ішінде «Ауыл так­си» ұжымы демеушілік етіп, қолдау көрсетті. Гандболға қажетті әркайсысы 10 доп және спортшыларымызға арнал­ған біркелкі форма сыйға тартты, – дейді жас маман.
Дене шынықтыру сабағы оқушы­лар­ды физикалық тұрғыда дамытып қана қоймай топпен жұмыс істеуге үйретеді. Футбол үйірмесін де қатар алып жүр­ген педагог оқушыларының үздік нә­ти­жеге жетуі үшін үзбей дайындық жа­сай­тынын айтады. Мақсаты айқын ұс­таз қаңтар айында өтетін «Ұлттық мек­теп лигасына» дайын­дықты бастап кеткен. Сондай-ақ алдағы айда үйірме қа­тысушыларын «Оқу­шы­лар лигасы» күтіп тұрғанын айтады. Ол жарысқа қыздар мен ұлдардан құ­рал­ған бір команда жа­сақтап алып барса, «Ұлт­тық мектеп лигасына» оқушылар жас ерекшелігіне қарай қатысатынын жет­кізді.
– Менің алға қойған мақсаттарым көп. Соның бірі – шәкірттеріммен бірге қол добынан республикалық деңгейдегі жарысқа бару. Әзірге олар облыстық деңгейдегі жарыстарда топ жарып жүр, республикаға да шығатын күн алыс емес деп ойлаймын. Алда өтетін жарыстарға дайындық жаман емес, үздіксіз дайын­далып жүрміз. Себебі «Ұлттық мектеп лигасы» – спорт саласында өзіндік орны бар ауқымды жарыстың бірі. Бұл дода жас спортшыларға тәжірибе жинақтап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сол себепті бар күшімізді жұмсап, жеңіс тұғы­рынан көріну үшін аянып қалмаймыз, Балаларды осы бастап спортқа бау­луымыз керек. Өйткені олар – елдің жарқын болашағы,– дейді ол.
Былтыр «Үздік жат­тық­ты­ру­­шы» атанған жас маман биыл тағы бір биік шыңды бағындырып, «Жыл­дың үз­дік мұғалімі» атанған. Әрине, бұл – ке­­йіп­­керіміздің табанды еңбегі мен шә­кірт­теріне деген жанашырлығының жемісі. Са­лаға серпін берген жас маманның ал­дағы уақытта да тола­ғай табыстарға же­тетініне сенім мол.

Гүлжан БАХЫТБЕКҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: