Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Дүйсенбі, 13 қазан, 15:06

АУДАН ӘКІМІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСҚАНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

12.10.2025

12

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене атсалысқан мекеме қызметкерлері мен тұрғындарды марапаттап, игі іске үлес қосқан жандарға ризашылығын білдірді.

«Тазалық пен табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Ауданымызды көгалдандыру, көркейту бағытындағы бұл бастама тек бір реттік шара емес, бұл – тұрақты түрде жалғасатын жүйелі жұмыс. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда әр азаматтың үлесі маңызды», – деді А.Ибраимов.

Бұған дейін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан мекемелеріне тал егу және көгалдандыру үшін арнайы жер телімдері бөлінген болатын. Бұл бағытта белсенділік танытқан аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі қаржылай сертификатқа ие болды.

«Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да жалғасып, аудан көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізіле береді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: