Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сейсенбі, 21 қазан, 23:09

Чемпиондар шыңдалған спорт мектебі

21.10.2025

21

0

Ауданда соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі – спорт. Оған сала саңлақтарының республикалық, халықаралық дәрежедегі додаларда үздік нәтиже көрсетіп жүргені дәлел. Сайыпқыран спортшыларымыздың байрақты бәсекелерде қарсыластарын шаң қаптырып, жеңісті жолдан жығылмауына өздерінің тыңғылықты дайындығы мен мемлекет тарапынан жасалған қолдау үлкен сеп болуда. Өңірде аталған саланың дамуына, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізіп отырған №13 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінің жұмысы жүйелі.

Спорт мектебінің директоры Дас­тан Жүсіпов жыл басынан бері жетіс­тіктерді саралап, мектептің тынысымен та­ныстырды. Ол басшылық қызмет­ке келгеніне көп бол­маса да, жас спорт­шы­лардың бі­­раз жетістікке жетуіне жол ашқан.
Иә, №13 олимпиадалық резерв­тің ма­мандандырылған балалар мен жас­өспірімдер спорт мектебі – талай чем­пионды тәрбиелеген қара шаңырақ. Бү­гінде мұнда спорттың 13 түрі бойынша 1 144 жас жаттығады. Тарқатып айтсақ, 332 жас дзюдо үйірмесінде, 162 жас қа­зақ күресі үйірмесінде, 32 оқушы бел­беу күресінде, 66-сы таэквондо үйір­месінде, 36 жас каратэ үйірмесінде, 38-і жеңіл ат­ле­тика, 120-сы бокс, 40-ы ауыр атле­ти­ка, 42-сі баскетбол, 36-сы футбол, 42-сі үстел тен­­нисі, 84-і тоғызқұмалақ, 114-і волей­бол үйір­месіне барады.


– Әріптестерімізбен бірге аудан спор­­тын дамытуға қолдан келгенше жұ­мыс жасап келеміз. Алдағы уақытта да осы мақсатта жүйелі жұмыстар жасай береміз. Жаттықтырушыларымыздың күн­­­діз-түні тынбай төккен терінің арқа­сын­да, бүгінде аудан жастары үл­кен до­да­ларда топ жаруда. Сала саң­лақ­тары байрақты бәсекелерде қар­сы­ласынан же­ңісті жұлып алу­ды дәс­түрге айнал­дырған, яғни спорт­шы­лар әлемдік және Азия чем­­пио­нат­та­ры мен облыстық жа­рыс­тар­да әр­түр­лі дең­гейде медаль алып, жо­ғары же­тістіктерге қол жеткізуде, – дей­ді Дас­тан Жұмаділдәұлы.
Былтыр ауыр атлети­ка­дан ҚР чем­пионатында Али Медет­баев үш дүркін же­ңімпаз болды. Ал же­ңіл атлетикадан Сезім Шығанбай мен Нұрзат Ғалымұлы үш дүркін чемпион атанса, Балнұр Қал­нияз екі дүркін қола жүлдегері, бір рет күміс алқаны иеленген. Белбеу күресінен де үздіктер қатарынан көрініп жүргендер жоқ емес. Мәселен, Альбина Смаил, Заң­ғар Сырмағанбет, Азамат Алихан ҚР чем­пионатында үз­дік үштікті түйіндеген. Ал волейболдан қыздар ара­сында өткен ҚР чемпионатында Ақ­пейіл Маратқызы мен Назым Қани­бай алғашқы үштіктен кө­рінген.
Спортшылар биыл Алматы қала­сын­да жеңіл атлетикадан өткен ҚР чем­­­­пионатында қоржынға 2 алтын, 1 кү­міс салған. Мұнан бөлек дәл осы спорт түрінен өткен чемпио­натта Се­зім Шығанбай алтын алса, Нұр­зат Ға­лым­­ұлы мен Балнұр Қалнияз күміс ал­қа­мен оралған. Ал ауыр атле­тика­дан Аты­рау қаласында өткен додада Жа­на­рыс Дәу­ренбекұлы қола медаль­ды қан­­жы­ға­сына байласа, Өскемен қала­сын­да өткен чемпионатта Әли Медет­баев ІІ орынға лайық деп танылған. Сон­дай-ақ Қарағанды қаласында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен чем­пионатта Нұрай Жақсылық ақтық мәреде сүрініп, күміс жүлдегер атанған. Ал дзюдодан ел чем­пионатында Ел­болсын Төлебиұлы қола ме­­дальды қа­нағат тұтқан. Айта ке­тейік, мұн­да 95 жас – спорт шеберіне үміт­кер, мұнан бөлек 35-і спорт шебері атағын орын­да­ған.
Жалпы тізе берсек, спорт мектебінің жеткен жетістігі көп. Олардың ауданда спортты жанына серік еткен жастардың қатарының артуына сіңірген еңбегі зор. Сөзімізге соңғы жылдары ауданда ба­ла­ларын спортқа беруге ниетті ата-ана­лардың қатары біршама артқа­ны дәлел.
Аптаның алты күнінде де 4 ауысым бойынша жаттығу залы болашақ чем­пиондардан үзілмейді. Олардың қа­та­рында дзю­до үйірмесі де бар. Мұнда ба­лаларды 8 жастан бас­тап қа­был­дайды. Қазіргі таңда 200-ге жуық бала үйірмеге тұрақты қаты­сады. Бұл біріншіден, ау­данда спорт саласының қарқынды да­мып келе жатқанын көрсетсе, екіншіден, жастар­дың бос уақытын тиімді өткізуге спорт мек­тебінің тигізіп жатқан септігі мол екенін білдіреді.

Ауыл балаларының
үйірмеден үйренері көп

Айта кетейік, спорт мектебінің фи­лиалдары тек аудан орталығында ғана емес, шалғай ауылдарда да орна­лас­қан. Бұл ауыл балаларының уақы­тын тиім­ді пайдаланып, оларды спортқа бау­­луда нәтижелі жұмысқа бастайды. Мәсе­лен, Таң ауылында дзюдо, таэк­вондо, Қаракеткен ауылында дзю­до, М.Шәменов ауылында дзюдо, қазақ кү­ресі, Ақсу ауылында бокс пен қазақ кү­­ресі үйірмелері бар.
– Бұл спорт мектебінде 2023 жыл­дың тамыз айынан бастап қазақ күресі үйірмесі жұмыс жасап келеді. Үйірме ауыл жастарының уақытын тиімді әрі пай­далы өткізуге үлкен үлес қосуда. Онда 2-3 сынып оқушылары қа­был­­­­­данады. Қазіргі таңда онда 30 бала бар, оның 4-еуі – қыз, 26-сы – ер бала.Үйір­­меге оқушылар аптасына 5 рет ке­­леді. Бұл балалардан бөлек жа­сы үйір­­ме талабына жетпеген кіш­кен­тай ұлан­­­­­дардың да күреске қызы­ғу­шы­­­лығы жо­­ғары, – дей­ді Ақсу ауылын­дағы №13 олим­­пиа­далық ре­зерв­тің маман­дан­дырылған бала­лар-жасөс­пірімдер мек­­тебінің жат­тық­ты­ру­шысы Ұласхан Ал­пыс­­бай.
Жаттықтырушының айтуынша, кү­рес­­­тің қыр-сырын жетік меңгерген ақсу­лық спортшылар бүгінде талай бай­рақты бәсекеде бозкілемде белдесіп, ел намысын қорғап жүр. Олар аудандық жа­рыстармен шектелмей, облыстық, рес­­публикалық жарыстарда да бақ сы­нап, жүлделі орындар иеленіп үлгер­ген.
Аталған спорт мектебінің бүгінгі тынысы мен жетістігі осындай. Чемпион­дар шығаруды мақсат еткен шаңырақта алдағы уақытта да спортшылардың же­­ңіске толы күндері жалғасын тауып, аудан мерейін үстем ете беретініне сені­мі­міз мол.

Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: