Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сейсенбі, 21 қазан, 23:14

Спортты серік еткен саңлақтар

21.10.2025

20

0

Таэквондо – шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың бір түрі. Корей халқының ұлттық спорты ретінде танымал. Біз барған №13 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінде аталған спорт түрінен 2009 жылы арнайы үйірме ашылған. Содан бері үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан үйірменің бүгінде жеткен жетісітігі аз емес.

Тәжірибелі жаттықтырушы Мақсат Рах­­­метовтың айтуынша, үйірмеге 7-8 жас­­тан бастап қабылдайды. Қазіргі таң­да мұнда 7 топ бар. Оның 2-еуі – алғаш­қы даярлық тобы. Мұнан бөлек 3 оқу-жат­тығу, 2 сауықтыру тобы тағы бар. Ал­ғашқы даярлық топтың қаты­сушы­лары ап­тасына 4 күн, ал оқу-жат­тығу тобының спорт­шы­лары аптаның алты күнінде залда үзіліссіз жаттығу жа­сайды. Мақсатпен қатар мұнда Олжас Нұрпейісов есімді бапкер де бар. Олар үйірмеге қатысатын 87 оқушыны же­ңіс жолына жетелейді.
Жаттықтырушының айтуынша, алғаш­қы даярлық деген бастауыш топ, яғни мұнда спортшылар таэквондоның алғаш­қы қадамын үйренеді. Аяқты дұрыс созу, тебу, тізе қалай бүгілу керек, қолды қа­­лай жинау керектігін үйренеді. Сон­дай-ақ таэквондоның тарихы кеңінен ай­тылып, белгілі спортшылардың жетіс­тік­тері, жарысқа дайындығы тура­лы бей­­­не­жазбалар көрсету арқылы ба­ла­ны осы спортқа баулиды. Олар үйір­ме­ге ап­та­сына 4 рет келеді. Мұнан бөлек оқу жат­тығу тобы бар.
Мұнда қаты­су­шылар әртүрлі әдістер арқылы соқ­қы­ларға төтеп беруді үйреніп, жарысқа дайындалады. Ал сауықтыру то­бы алғашқы даярлық тобына ұқсас. Оларда жас ерекшелік жоқ, 7 жастан 17 жасқа дейінгі спортшылар шыныға бе­реді. Жаттықтырушы үйірмеге кейде спорт­шылар белгілі себептермен келуді тоқ­татып, спорт мектебінен шыққан жағ­дай­да осы сауықтыру тобындағы ба­лаларды алдыңғы екі топтың қатарына қосатынын айтады.
– Үйірмеге көбінесе бір мектепте, бір сыныпта оқитын оқушылар келеді, яғни біреуі бастап келсе, артынан достары да үйірмеге қатысуға ниет білдіреді. Осыдан бірнеше жыл бұрын бір сыныптан 8 бала үйірмеге бастапқыда тұрақты қатысып жүрді. Кейін 2-3 рет келмей кетті. Содан оқушыларды іздеп мектептеріне бардым. Сыныптас достарының айтуымен олардың ата-аналарына «таэквондо үйірмесіне кет­тік» деп компьютермен ойнайтын ойын клубына баратынын естідім. Дереу ком­пьютер клубына бардым. Расымен оқушыларым сол жақта отыр екен. Бар­лығымен жеке-жеке сөйлесіп, ата-ана­ла­ры оларға үлкен сенім білдіріп, үміт ар­тып отқанын түсіндіріп, жаттығу за­лына қай­та алып келдім. Содан кейін олар екін­ші рет ол жерге аяқ баспай, үйір­меге тұ­рақты қатысатын болды. Нәти­же­сінде ҚР чемпионатында жеңіске жетіп, алды ҚР спорт шеберіне үміткер ата­ғын орындады, – дейді жаттықтырушы.
Айта кетейік, бүгінде үйірмеде 9 оқу­шы – спорт шеберіне үміткер. Жат­тық­ты­­рушының айтуынша, дайындық бары­сында туындаған қиындықтан қашып, жа­рыстан жүлдесіз оралғаннан кейін «енді бұл спорт түрімен айналыспаймын» деген шәкірттері де болған. Әйтсе де қазақта «жағың сын­са да, сағың сынбасын» деген сөз бар. Әр жарыстан кейін «біз бұдан да биік бе­лесті бағындырамыз» деп алдарына нақты мақсат қойған спортшылар бүгінде біліммен қатар спорттың қазанында қай­нап, түрлі додаларда топ жарып жүр. Атал­ған үйірменің ауыз толтырып айта­тын­дай мақтан тұтар шәкірттері жетер­лік. Қай жағынан алып қарасаңыз да жат­тықтырушы өз ісінің білікті маманы, нағыз шебері болса, сол спорттан көптеген чем­пиондар шығатыны даусыз.
Мәселен, былтыр Нұрдәулет Серікұлы мен Жасмин Болатбекова облыс чем­пио­натының жеңімпазы атанса, Назерке Нұр­лан­қызы мен Сара Назар­баева қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ Нұрдәулет Серікұлы Ташкентте өткен халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрінген. Ал Диас Шәки мен Аяназ Сұлтанбек Тараз қаласында Б.Түлкеевті еске алуға ар­нал­ған халықаралық турнирде қоржын­ға қола салды.

Биыл Дінмұхамед Дәуренбекұлы, Санжар Мұратбек, Жәния Нұржанқызы облыс чемпионатында алтыннан алқа тақса, Бегалы Сайылбек пен Нұрислам Қарымсақов үздік үштікті түйіндеген. Сондай-ақ Нұрай Жақсылық 73 келі сал­мақ дәрежесінде күміс жүлде ие­гері атанған. Әрине, мойынға таққан ал­­қада тынымсыз еңбек пен төгілген тер бары даусыз. Тізе берсек, мұндағы спорт­шылардың жетістігі көп. Бұл – спорт­­шылардың тыңғылықты дайын­ды­­ғы мен олардан чемпион шығаруды мақсат еткен бапкерлердің еселі ең­бе­гінің жемісі. Десе де олар мұнымен шектелмей, әлі талай аудан абыройын асқақтатуды мақсат еткен. Шәкірттерін биік шыңға баулыған білікті бапкерлер ал­дағы уақытта да оларды шымыр етіп тәрбиелемек.

Сезім НҰР

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: