Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сейсенбі, 21 қазан, 23:08

Аудан жұрты тәулік бойы ауызсумен қамтылған

21.10.2025

24

0

«Жалағаш ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесі халықты ауызсумен қамтамасыз етуден бөлек, орын алған апаттық жағдайларды қалпына келтіру, таратылған ауызсу көлемінің қаржысын жинау жұмыстарын атқарады. Биыл мамандарды толықтыру жұмыстарының нәтижесінде 98-ден 121-ге өскен. Елді мекендердегі насос станса машинистері де 3 маманға толыққан. Бөлімше теңгеріміне жаңадан 2 техника қосылды. Аудан жұрты бүгінде тәулік бойы ауызсумен қамтамасыз етілген. БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Жалағаш ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесінің басшысы Ғани Дюсекбаев осылай деді.

Айта кетейік, өндірістік бөлімше ба­засына тіркелген жалпы 91 бюджеттік ме­кеме мен 151 заңды тұлға су есептегіш құралымен ауызсу пайдалануда. Жеке тұлғалардан 6 873 абоненттен, ауызсу пай­­даланушы 34 191 тұрғын тіркелген. Оның ішінде су есептегіш құралымен 5 999 тұрғын үй қамтылған.
Бөлімшеге жыл басынан бері фи­лиалдан су есептегіш құралын орнату үшін 647 су есептегіш құралы бөлінген. 9 айлық көрсеткіште нақты ауыстырылған су есептегіш құралдарының саны 682 данаға жетті. Жарамдылық мерзімі – 5 жыл, мерзімі өткен соң қайта ауыстыруға жатады.
– Су есептегіш құралы мерзімі өткен соң ауыстыру жұмыстарын жүргізу үшін 1790 теңге төлем жүргізу қажет. Або­нент су есептегіш құралын жаңадан ор­натқан жағдайда жеке тұлға үшін 4 300 теңге, заңды тұлға үшін 5 230 теңге болып табылады. Бітеме (пломба) басу 275, су есептегіш құралының белгісіз жағ­дайлармен бітемесі үзіліп немесе су есептегіш құралын ауыстырған жағ­дайда қайта бітеме басу үшін 550 теңге алынады. Су есептегіш құралы бол­ған кезде 1 адамға арналған тұ­тыну нор­мативі кезінде тәулігіне 140 литр мөлшерінде есептеледі. Ауызсу ысы­рабына жол бермеу үшін, бөлімше та­рапынан су есептегіш құралын орнату, мер­зімі жеткен құралдарды ауыстыру жұ­мыстары атқарыла береді, – дейді Ғани Дюсекбаев.
Спикер бөлімше мен тұрғындар ара­сында келісім-шартқа отыруға мүмкіндік ба­рын айтады. Келісім-шарт­тың мәні, або­­ненттің су есептегіш құ­ра­­лына де­йінгі ауызсу жүйесінде ақау орын алса, бө­лімше тарапынан келісім-шарт шең­берінде слесарь-жөндеуші мен кран ма­ши­нисінің қызметтері тегін көр­сеті­леді. Келісім-шарт мерзімі – 1 жыл, же­ке тұл­ға­­лар үшін – 2500 теңге, заң­ды тұлға­лар үшін – 4400 теңге.
– Жалпы 2025 жылдың 9 айында ау­дан бойынша таратылған су көлемі және ауыз су қаржысын жинауда нақты жұ­­мыстар атқарылды. «Жалағаш ау­да­нының оқшау сумен жабдықтау жүйе­ле­рін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі тарапынан 2025 жылы 629 515 текше метр ауызсу тұтынушыларға таратылды. Таратылған су көлемінен 68 804 491,008 теңге қаражат жиналды. Оның ішінде 21 518 740,59 теңгесі жеке тұрғын үйлердің қаржысы болып табылады. Жыл аяғы­на дейін қаржы жинау жұмыстары жалға­сын табады, – дейді спикер.
Ол жыл басынан бері филиал тара­пынан ұйымдастырылған рейдтік іс-ша­­ралардың нәтижесінде рәсімделген тек­серу актілері 100 пайыз өндірілгенін ай­тады. Орын алған су шығындарын бол­­дырмау үшін су есептегіш құралын 100 пайызға жеткізу қажеттігін қаперге салды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұ­­­мыстар жалғасатынын жасырмады.
Осыған дейін субсидия қаржысын иге­ру жұмыстарында кейбір елді мекен­дерде адам санының айырма­шылығы орын алған. Алайда қазіргі таңда ауыл әкімшілігі мен бөлімшенің есебі бір жүйе­ге келтірілген. Сондықтан бөлімше бас­шы­сы алдағы уақытта бұл бағыттағы жұ­­­мыстар қиындық туғызбайтынын ай­та­ды.
Ауданда биыл 9 айда 314 апаттық жағдай орын алған. Қалыптасқан мә­се­лені дер кезінде қалпына келтіру бо­йынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Апат­­тық жағдайлардың көпшілігі ауызсу құбырының жарылуы, құдық ішіндегі фа­сонды бөліктің шіруі және ауызсу мұ­на­расының шіруі болып отыр. Ауызсу мұнарасы бойынша Бұқарбай батыр елді мекенінің 50 текше метр және Жа­ңа­талап елді мекенінің 25 текше метр ауызсу мұнарасын ауыстыру қажет. Бө­­лім­шеге қарасты Жаңаталап, Жаңа­да­­­рия, Далдабай, Мырзабай, Жаңа­қо­ныс елді мекендерінде қазіргі таңда әр­­қай­сысында бір-бірден су ұңғымасы жұмыс істеп тұр. Спикер аталған ел­ді ме­кендерде апаттық жағдайлар орын алып жатқанын жасырмады. Сон­­дай-ақ ұңғыманың істен шығу қау­пі бар. Ке­­неттен туындауы мүмкін апат­тық жағ­­­­дайларда елді мекендерді ­ауыз­су­сыз қал­дырмау үшін әр елді ме­кен­ге қо­­сым­ша екінші ұңғыма салу қа­жет­тігі ­туын­дап отыр. Қазіргі таңда ­екін­­ші ұң­ғыма жұ­мыс жасап тұрған жоқ. Ауыз­­­сумен жаб­­­дықтау жүйесін эксплуа­та­ция­лық қа­­лыпты жағ­дайда ұстап тұру, жос­пар­дан тыс апат­тық жағдайларды шұ­ғыл қал­­пына кел­тіру және жоспарлы ал­дын ала жөн­деу жұ­мыстары уақытылы атқа­ры­лу­да.
Ғани Дюсекбаев халық тұтынатын ауызсу сапасы да бақылауда екенін ай­тады. Тұтынушыларға берілетін ауыз­су­дың сапасын анықтау мақ­сатында ау­дан­­дық СЭС мекемесімен келісім-шарт жа­­­­­­­­­салып, ай сайын ауыз­судың үлгісі алы­­­­­­­­нып, су құрамы тек­серіліп оты­ра­ды. Со­­­­­­­­­­нымен қатар су құ­быры және су сақ­тау қоймаларына көк­­темгі-күз мез­гілінде жуу және залал­сыз­­дан­дыру жұ­­­­­­мыстары СЭС меке­ме­сі­нің маман­да­рының қаты­суы­мен өз дең­гейінде жүргі­зіліп оты­ра­ды.
– Суды залалсыздандыру жұмыста­рына филиал тарапынан гипохлорит кальция ұнтағы жылына 2 рет бөлінеді. Ауыз су қоймаларын залалсыздандыру жұмыстары жылдың көктем және күз мезігілдерінде аудандық СЭС меке­ме­сіне ескертілу арқылы атқары­лады. Ди­зельді электр станса және автотех­ника жайына келсек, ауданда 17 ДЭС қон­дырғысы бар. Оның ішінде 3 ДЭС қон­дырғысы жұмыс жасамайды, яғни жөн­деу жұмыстарын қажет етеді. Атап айт­қанда, Далдабай Жалтынов, Дәуім­­бай және орталық насос станса­ла­рын­дағы дизельді электр стансалары. Жос­парлы алдын ала жөндеу жұмыстары да жүріп тұрады, – дейді спикер.
Жыл басынан бері жоспарлы ал­дын ала жөндеу жұмыстары өз деңгейін­де атқарылуда. Оның ішінде насос стан­са­ларын сырлау, ақтау, ашып-жабу рет­тегіш арматуралары мен гидрант­тар­ды майлау жұмыстары да жүргізіледі. Күр­делі жөндеу жұмыстарына қажетті ашып-жабу арматуралары, вантуз және қайтарма клапандары қажетті сұра­ныспен филиалдан жеткізілуде. Қазіргі таңда филиал тарапынан Жалағаш ау­даны Еңбек ауылындағы насос стан­циясына және Жалағаш кенті Нысанбай жырау көшесі бойындағы 225 м d-225 мм труба ПХВ ауыстыру, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Мырзабай ахун мен Жаңаталап ауылындағы насос стан­цияларына күрделі жөндеу жұмыс­тарын жүргізу жоспарда бар.
Бөлімше басшысы алдағы уақытта аудан көлеміндегі барлық насос станция­ларына күрделі жөндеуді қажет ететін нысандарға ақау актілері жасалып, Қызылорда қаласындағы «Сыр суы» филиалына жолданып, жоспарға сәй­кес зерделеніп жатқанын айтады. Тар­қа­тып айтсақ, олардың қатарында Жала­ғаш кенті Мырзалиев көшесі №24 мекен-жайда орналасқан әкімшілік ғи­мараты және насос станциясы, Жала­ғаш кенті Дәуімбай насос станциясы, Жалағаш кенті Мысық би насос стан­циясы, Таң, Мөрәлі Шәменов, Бұқар­бай батыр, Мәдениет, Қаракеткен, Еңбек, Д.Жалтынов, Аққұм, Ақсу ауылда­рын­да­ғы насос станциялары бар.
– Сонымен қатар Жалағаш кенті Тұңғышбаев көшесі мен Жеңістің 50 жылдығы көшесінің бойы, Абай көшесі мен Рахимов көшесінің қиылысы, Жел­тоқсан көшесі мен Бұқарбай батыр кө­ше­­сінің қиылысы, Рахимов көшесі мен Әйтеке би көшесі аралығы, І.Қа­бы­лов көшесі мен Т.Қыстаубаев көшесі қиы­­лысы, Т.Қыстаубаев көшесі мен І.Қа­лыбаев көшесі қиылысындағы тұ­йық­­талған ауызсу жүйесін жаңадан жүр­гізу арқылы қосу жұмыстары қарасты­рылуда. Халыққа тәулік бойы сапалы ауызсу жеткізу мақсатында алдағы уа­қытта тиісті жұмыстар жалғасын табады, – деді бөлімше басшысы.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: