Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сейсенбі, 21 қазан, 23:09

Сала мамандары құрметке бөленді

21.10.2025

24

0

Кеше аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында Ардақ Әбдіғаппарұлы Қызылорда қаласында өткен «Алтын күз – 2025» мерекесі аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан сала мамандарын облыс және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

– 17 қазанда аймақ басшысының қатысуымен Қызылорда қаласында егін жинау науқанының аяқталуына орай «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасы өтті. Аталған іс-шарада ала жаздай маңдайы күнге, табаны құмға күйген мәртебелі еңбек адамдары марапат төрінен көрініп, зор құрметке бөленді. Сонымен қатар Жалағаш ауданы «Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша озат аудан» номинациясына ие болды. Бұл – ау­да­нымыз үшін үлкен жетістік. Баршаңызды осы айтулы мара­пат­пен шын жүректен құттықтаймын, – деді аудан әкімі.
Сонымен бірге 18 қазан күні «Алтын күз – 2025» мерекелік іс-шарасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Қала тұрғындарына ауданнан жеткізілген 200 тоннаға жуық өнім нарықтағы бағадан 15-30 пайызға төмен бағамен ұсынылды. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасарлары, ап­парат басшысы мен қызметкерлері, кент және ауылдық округ әкім­дері, бөлім басшылары, тиісті мекемелер мен шаруашылық құры­лымдары белсене қатысып, жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.
– Бұл шараны ұйымдастыруда бірлік пен ауызбіршілік та­нытқан баршаңызға аймақ басшысының және өз атымнан шы­найы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да ел игілігі жолында бірлесе атқарған еңбегіміз жемісті болсын, – деді Ардақ Ибраимов.
Мәжілісте аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов марапатталған азаматтарды құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.
Айта кетейік, Республика күні мерекесі қарсаңында ауданда «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасын өткізу жоспарланып отыр. Шара барысында ала жаздай тынымсыз еңбек етіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген ауыл шаруашылығы саласының озат­тары мен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады.
Жиын соңында аудан әкімі алдағы мерекелік іс-шараларға да­йын­дықты күшейтіп, олардың жоғары деңгейде өтуін қамтама­сыз етуді тапсырды.

Е.АНУАРҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: