«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығының 20 жылдық мерейтойына орай «Саламатты өмір салты – табысты ұжымның кепілі» атты спорттық турнир ұйымдастырды.
Жарысқа облыстық филиалға қарасты басқармалар мен бөлімдердің қызметкерлері қатысып, шағын футбол, армрестлинг, арқан тарту және жүгіру сайыстарында өзара бақ сынасты. Додаға 100-ге жуық спортшы қатысып, ұйымшылдық пен спорттық рухтың жоғары деңгейін көрсетті.
Нәтижесінде Бірыңғай байланыс орталығының командасы барлық кезеңдерде үздік өнер көрсетіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Екінші орынды Жер кадастры бөлімі иеленсе, үшінші орын Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ұжымына бұйырды.
«Биыл – біздің корпорация үшін айтулы жыл. 20 жыл ішінде біз халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттырып қана қоймай, ұйым ішіндегі корпоративтік мәдениетті де нығайттық. Бүгінгі турнир – соның айқын дәлелі. Салауатты өмір салтын ұстану – табысты әрі белсенді ұжым қалыптастырудың негізгі кепілі», – деді облыстық филиал директоры Аида Абибуллаева.
Бірыңғай байланыс орталығының басшысы Шолпан Жеңсікбай мұндай іс-шаралар тек спорттық бәсеке ғана емес, ұжымдық рух пен ортақ мақсат жолындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды құралы екенін атап өтті.
Спорттық шара ұжым қызметкерлеріне сергектік сыйлап, достық пен бірлікті нығайта түсті. Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!