Қызылорда облысы, Шиелі ауылындағы Алғабас ауылында көкпар ойыны кезінде жеңіл көлік бірнеше жылқы мен шабандозды қағып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода жеңіл автокөліктің ойынға қатысушыларды қағып өтіп, тоқтамай әрі қарай жүріп кеткенін көруге болады.
Полицияның мәліметінше, ойынды Шиелі тұрғыны ұйымдастырған.
“Іске қатысты бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді”, – делінген полиция хабарламасында.
Ойынның ұйымдастырушысы билік органдарынан көкпар өткізу туралы рұқсат алмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!