Қара түнде жалған бақыт шақырса,
Улы жолын «еркіндік» деп ақырса.
Мен бармаймын – жүрегімде от жанып,
Өмір өзі жақындатып шақырса.
Есірткі – алдаусыңған арзан мұң,
Ұрлап кетер ертеңімді, бар жаным.
Түтін емес, таза тыныс іздеймін,
Сондай өмір – мен қалаған арманым.
Жай құмардан жанның жарқын табы жоқ,
Жалғандығын көрдім оның, тағы ұқ.
Мен бақытты бөтен удан іздемей,
Өміріме өзім салып жолы жоқ.
Күн шығады, қараңғылық сөніп бір,
Жаңа үмітке ашылады төніп гүл.
Мен өмірді таңдаймын тек әрқашан,
Өйткені ол – мен таңдаған жарық күн!.
Дина ЖАҢАБАЙҚЫЗЫ,
№203 орта мектептің
9 -сынып оқушысы
Жалағаш ауданы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!