Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

9°C

, Сәрсенбі, 19 қараша, 18:44

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы тағайындалды

19.11.2025

11

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы таныстырылды.

«Президент Әкімшілігінің келісімі мен Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығына сәйкес, Мырзагелдиев Мадияр Айдосұлы Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Департаменттің жаңа басшысына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуда нақты шаралар қабылдауды, әлеуметтік нысандар мен адам көп шоғырланатын ғимараттардың өрт қауіпсіздігі жағдайын бақылауда ұстауды, азаматтық қорғау құрылымдарының үнемі дайындықта болуын қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Н.Нәлібаев.

Мадияр Айдосұлы 1987 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтында «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша білім алған. М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында магистр академиялық дәрежесін иеленген.

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының мемлекеттік өрт бақылау басқармасында бастаған. Әр жылдары Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің Сарыарқа, Алматы аудандары бойынша басқармасында бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

2025 жылдың маусым айынан Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарып келді.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: