Бүгін ауданда «Қыс–2025» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов қатысып, ұйымдастыру барысымен танысты.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қыс мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ азаматтық қорғау құрылымдары мен қызметтердің дайындық деңгейін тексеріп, іс-қимылдарын жетілдіру болды. Осы мақсатта саптық байқау өткізіліп, техникалар мен жеке құрамның дайындығы пысықталды.
Шара аясында авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құрамалары төтенше жағдайлар кезінде атқаратын нақты іс-әрекеттерін арнайы-тактикалық жаттығу арқылы көрсетті.
Жаттығуға барлығы 60 техника және 168 қызметкер жұмылдырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!