«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесін ұшыру үшін «Союз-2.1а» зымыран тасығышын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Южный» ғарыш орталығының мамандары зымыранның бірінші және екінші кезеңдерін механикалық құрастыруды жүзеге асырған соң олар ғарышайлағы учаскесінің №31 техникалық кешенінің құрастыру-сынау корпусындағы сақтау орнына жөнелтілді.
Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыстың келесі кезеңі – пневматикалық сынақтар, автономды және кешенді сынақтар, ең соңында ғарыштық зымыранның жалпы жинақтау жұмыстары.
Еске сала кетсек, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын ұшыру 2022 жылдың 21 қыркүйегіне жоспарланған.
ХҒС-қа құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Франсиско Рубио бар 68-ші ұзақ мерзімді экспедиция экипажы аттанады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!