Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Бейсенбі, 28 наурыз, 20:50

«Союз МС-22» ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жүргізілуде

25.07.2022

620

0

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесін ұшыру үшін «Союз-2.1а» зымыран тасығышын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Южный» ғарыш орталығының мамандары зымыранның бірінші және екінші кезеңдерін механикалық құрастыруды жүзеге асырған соң олар ғарышайлағы учаскесінің №31 техникалық кешенінің құрастыру-сынау корпусындағы сақтау орнына жөнелтілді.

Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыстың келесі кезеңі – пневматикалық сынақтар, автономды және кешенді сынақтар, ең соңында ғарыштық зымыранның жалпы жинақтау жұмыстары.

Еске сала кетсек, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын ұшыру 2022 жылдың 21 қыркүйегіне жоспарланған.

ХҒС-қа құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Франсиско Рубио бар 68-ші ұзақ мерзімді экспедиция экипажы аттанады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: