Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сәрсенбі, 10 желтоқсан, 13:25

Әлем есірткіге қарсы

10.12.2025

5

0

Бүгінде есірткі мәселесі — бүкіл адамзат баласын алаңдатқан жаһандық проблема. Қоғам дамыған сайын есірткі түрлері де көбейіп, оған тәуелді адамдар саны артып келеді. Сондықтан «Әлем есірткіге қарсы» деген ұғым — тек ұран емес, әр елдің, әр отбасының, әр адамның ортақ міндетіне айналған маңызды үндеу. Есірткі есті алып, ертеңгі күнге деген үмітті өшіреді. Есірткіге тәуелді болған жастардың болашағы бұлыңғыр. Психотроптық заттардың, прикурсорлардың және олардың аналогтарының заңсыз таралуын болдырмау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында іс шаралар өткізілуде.

Есірткінің адам өміріне келтірер зияны орасан зор. Ол ең алдымен адамның денсаулығын құртатын, санасын улайтын, ертеңгі болашағын жоятын қауіпті зат. Нашақор адамның өмірі күннен-күнге төмендеп, отбасымен, достарымен, қоғаммен байланысы әлсірейді. Есірткі біреудің өмірін ойрандап қана қоймай, елдің дамуына да үлкен кедергі келтіреді. Өйткені нашақорлық көбіне қылмыстың артуына, тәртіпсіздіктің көбеюіне әкеледі. Сондықтан дүниежүзі елдері бірлесіп, есірткіге қарсы күресті күшейтіп келеді. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер арнайы бағдарламалар жасап, жастарды салауатты өмір салтына баулуда. Мектептер мен колледждерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әрбір жасөспірімге есірткінің зияны туралы нақты ақпарат берілуде. Бұл — әлемдік қауымдастықтың ортақ мақсатына айналған үлкен қадамдардың бірі.

Есірткіге қарсы күрес — бүкіл әлемді біріктіретін ортақ міндет. Әлем біріксе ғана бұл қауіпті індетті жеңуге болады. Әр адам өз өміріне жауапты екенін сезініп, дұрыс таңдау жасай білсе, қоғам да, болашақ та жарқын болмақ. Есірткісіз өмір — таза, бақытты, жарқын өмір.

Жалағаш аудандық сотының бас маманы Д.Ә.Шадаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: