Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Дүйсенбі, 22 желтоқсан, 16:04

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

22.12.2025

9

0

Қоғамның тұрақтылығы  мен  дамуы ең алдымен отбасының беріктігіне байланысты. Отбасы – адамгершілік, сыйластық пен жауапкершілік қалыптасатын қасиетті орта. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қоғам үшін өзекті болып отыр. Бұл – тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның дерті.

          Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  дегеніміз – отбасы мүшелеріне  қатысты физикалық, психологиялық, экономикалық немесе сексуалдық қысым көрсету. Мұндай әрекеттер адамның қадір-қасиетін таптап, денсаулығына, психологиялық жағдайына ауыр зардап келтіреді. Әсіресе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ең осал құрбандары болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берілмейді. Мемлекет бұл бағытта бірқатар құқықтық тетіктерді қарастырған. Атап айтқанда, қорғау нұсқамасы, уақытша шектеу шаралары, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделген. Соттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқара отырып, әрбір іс бойынша заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда тек жазалау шаралары жеткіліксіз. Еңбастысы – оның алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, отбасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру. Даулы жағдайларды күш қолданбай, келіссөздер мен медиация арқылышешу – өркениетті қоғамның белгісі.

Сонымен қатар, қоғамда зорлық-зомбылыққатөзбеушілік мәдениетін қалыптастыру аса маңызды. Әрбір азамат мұндай әрекеттерге бейжай қарамай, заңды жол ментиісті органдарға хабарлауы тиіс. Бұл – зорлық-зомбылық құрбандарын қорғаудың және болашақта мұндай жағдайлардың алдын алудың тиімді жолы.

         Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – баршамыздың ортақ міндетіміз. Заң үстемдігін қамтамасыз ету, отбасы құндылықтарын нығайту және адам құқықтарын құрметтеу арқылы ғана біз әділетті әрі қауіпсіз қоғам құра аламыз.

                                                                   Жалағаш аудандық сот әкімшісінің    

                                                                   бас маманы Г.Байкенжеева

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: