Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Бейсенбі, 25 желтоқсан, 18:30

Аймақ басшысы орталық аурухана жанындағы қосымша ғимаратты көрді

25.12.2025

10

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде орталық ауруханаға жапсарлас салынған 42 төсектік қосымша ғимараттың жұмысымен танысты.

Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қолға алынған. Ол бойынша 42 төсектік кардиология және инсульт орталығының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Құрылысты «СМП-Қызылорда», «Мекен и Компания», «АрхДизайнСтройИнжиниринг» серіктестіктері жүргізген.

Ғимараттағы 42 төсек қорының 21-і кардиологиялық, 21-і инсульт бағытында жасақталып, аурухананың жалпы төсек қоры 196-дан 238-ге дейін ұлғайды. Толығымен қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды.

2Аймақ басшысы орталық аурухана жанындағы қосымша ғимаратты көрді.jpg

Алдағы уақытта мұнда аудан тұрғындары үшін аса өзекті болып келген МРТ құрылғысы орнатылып, мамандар біліктілігін арттыру көзделген. Бұдан бұрын облыс әкімінің жеке қабылдауына келген Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің тұрғыны аурухананы компьютерлік томограф аппаратымен қамтамасыз ету мәселесін көтерген болатын. Биыл жергілікті бюджет есебінен 326,7 млн теңгеге «Philips» маркалы, 64 срезді компьютерлік томограф сатып алынды. Қазіргі уақытта КТ орналасатын бөлме дайындалуда.

Аймақта «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 10 млрд 763 млн теңгеге 27 медициналық нысан салынып, бүгінде тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді.

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: