Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) департаменттерінің және ҰҚК Шекара қызметі департаменттерінің (ШҚД) басшылары тағайындалды, делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
ҰҚК Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Бақытжан Сырымұлы Уәлиниязов;
ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы Рустам Жиянұлы Ыбыраев;
ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы Бауыржан Жанымханұлы Құндызбаев;
ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Ринат Төлеуханұлы Қоқымбаев;
ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаментінің бастығы Саламат Хамитұлы Үкенов;
ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев;
ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы Серік Ғарипұлы Рахымов;
ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Мадияр Бекдайырұлы Жұмаділов;
ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастығы Айдар Ақанұлы Айымбетов;
ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің бастығы Әділ Нұрсағатұлы Әбесов;
ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің бастығы Марат Құнанбайұлы Нарбаев;
ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Санат Маратұлы Жұманов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!