Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Сәрсенбі, 14 қаңтар, 17:11

«2025 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қортындысы» бойынша баспасөз конференциясы өтті

14.01.2026

13

0

Жалағаш аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен 2025 жылдың 12 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз  конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, жергілікті өңірлік «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Е.Созақбаев.

Шара барысында аудандық сот  төрағасы А.Мизанбаев 2025 жылдың 12 айында  атқарылған жұмысы жайлы баяндады.

Аталған мерзімде аудандық сотта барлығы 1271  іс қаралып, аяқталған. Оның ішінде, азаматтық-726,  қылмыстық-75, әкімшілік құқық бұзушылық -465, әкімшілік іс-5.

Аяқталған 726 азаматтық істер бойынша, сот бұйрығы-100,  сот шешімі-400, тоқтатылған іс саны-179, қараусыз қалдырылған-43, басқа соттың қарауына жолданғаны – 3. Тоқтатылған азаматтық істерге қатысты медиация бойынша-174, оның ішінде сотқа дейінге хаттама негізінде – 115 іс. Азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулар шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар (банк заем шарты, қарыз ақша өндіру)-471,  неке бұзу-39, кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар-35, заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арыздар-38.

            Қылмыстық істер бойынша (аяқталғаны-75), үкім шығару арқылы-31 іс, тоқтатылған-20, (медиация тәртібімен татуласқан-1), соттылығы бойынша жолданған-23, сотталған адам саны-42. Оларға тағайындалған жаза  түрлері, қоғамдық жұмысқа тарту-5,  бас бостандығын шектеу-17, бас бостандығынан айыру-13, айыппұл-0, шартты жаза тағайындалғандары-6. Аяқталған істердің санаттарына тоқталсақ. Жеңіл санаттағы қылмыс-7, ауырлығы орташа қылмыс-17, ауыр қылмыс-28, теріс қылық санатындағы қылмыс-23. Аяқталған  қылмыстық істердің ең көп қаралған қылмыс санаты бойынша, ҚР ҚК-нің 190 бабы, алаяқтық-14 іс,   ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру-11 іс, ҚР ҚК   187 бап, ұсақ-түйек жымқыру-0 іс, есірткі затын заңсыз егу, сақтау,тасымалдау санатында 15 іс, жол жүру ережесін бұзу-3, заңсыз аңшылықпен айыналысу-1

        Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша:468 іс түскен, 565 іс аяқталған, жаза тағайындалғаны-370, тоқтатылғаны-147, тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылған-11. Жаза тағайындалғандары бойынша, айыппұл-196, ескерту-15, қамаққа алу-130, Қазақстан Республикасының аумағынан шығару -24, көлік құралын басқару құқығынан айыру-4, көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жаза ретінде -19   адамға қолданылған.

         Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп қаралған санаты бойынша көлік құралын алкогольді масаң күйде басқару-25,  жеке бастың құқықтарына қол сұғатын, оның ішінде ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамды ұрып соғу-85

         Есепті мерзімде сотпен азаматтық істер бойынша – 0,  жекеше ұйғарым, қылмыстық іс бойынша-2,  әкімшілік құқық бұзушлық туралы істер бойынша-7, жеке қаулылар қабылданған.

        Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып,  алғысын білдірді.

Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: