Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сәрсенбі, 14 қаңтар, 21:29

Вакцинация

14.01.2026

12

0

Вакцинация инфекциялық аурулардың алдын алудағы тиімді жол.Алдын алу шараларының кешені ретінде профилактика көптеген аурулардың пайда болуына жол бермейді. Бірқатар кеселдерден вакциналау арқылы қорғануға болады. Бұл жағдайдағы ең бастысы – қай кезде қандай екпелерді салу керектігін білу.

Ең әуелі белгілі бір тұрғындар тобына (төменде көрсетілген) арналған міндетті екпелердің барлығының жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен тегін салынатынын білгеніңіз жөн.

Жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы егу төмендегі тұрғындар тобына жүргізіледі:

– жасы профилактикалық егуді жүргізудің белгіленген мерзіміне сәйкес тұлғалар (екпе күнтізбесі бойынша);

– жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарында тұратын, жұмыс істейтін тұрғындар (көктемгі-жаздық кене энцефалиті, түйнеме, туляремия, оба);

– кәсіби қызметінің түрі бойынша қатер тобына жататын тұлғалар:

– медицина қызметкерлері («В» вирусты гепатиті, тұмау);

– кәріз және тазарту қондырғыларының қызметкерлері (іш сүзегі);

– өзінің денсаулық жағдайына байланысты қатер тобына жататын тұлғалар:

– ағзасына қан құйылған ( «В» вирусты гепатиті);

– медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар (тұмау);

-медицина қызметкерлері,балалар үйінің, сәбилер үйінің балалары, қарттар үйінің тұрғындары (тұмау);

– кез келген жануардың қабуына, түкірік шашуына душар болған тұлғалар (құтыру);

– тері жабындары мен шырышты қабықтардың бүтіндігінің бұзылуына байланысты жарақат, зақым алған тұлғалар (сіреспе);

– жұқпалы ауруларға шалдығу деңгейі жоғары аймақтарда тұратын тұлғалар; оларды вакциналау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі ( «А» вирусты гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, індетті паротит).

Басқарма басшысы Г.Айымбетова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: