Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сейсенбі, 20 қаңтар, 17:57

Президент Ассамблея мен Ұлттық құрылтай орнына Халық кеңесін құруды ұсынды

20.01.2026

9

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай миссиясы табысты аяқталғанын атап өтіп, орнына Халық кеңесін құруды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Реформалардың жаңа кезеңінде елімізге қоғамдық дамудың барлық мәселелері бойынша жалпыұлттық диалогты тұрақты түрде жүргізуге арналған кең ауқымды платформа, мінбер қажет екенін айтты.

«Жаңа институт ретінде Қазақстанның Халық кеңесін құруды ұсынамын. Жаңа органның қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың функцияларының стратегиялық сабақтастығын, қазақ мемлекеттілігі мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін дәйекті түрде нығайтуды сақтап қалу өте маңызды. Сонымен қатар, Халық кеңесі басқа елдердің консультативтік құрылымдарының тәжірибесін бойына сіңірген жаңа мемлекеттік органға айналады. Оның құрамында барлық этнос, халықтың әлеуметтік тобы мен өңірлер өкілдік алады.

Қазақстанның Халық кеңесі Қазақстанның елдегі жоғары консультативтік орган мәртебесіне ие болады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес құрамын 126 адамнан жасақтауды ұсынды:

42 адам – этномәдени бірлестіктерден;
42 адам – ірі қоғамдық бірлестіктерден;
42 адам – мәслихаттар мен өңірлік қоғамдық кеңестерден.

Халық кеңесінің барлық мүшесін Президент тағайындайды, ал төрағасын оның мүшелері сайлайды. Кеңес төрағасының қоғамдық негізде ротациялық тәртіппен тағайындалатын екі орынбасары, сондай-ақ хатшылық басшысы болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: