Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Сейсенбі, 20 қаңтар, 19:17

Тоқаев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігіне беруді қолдады

20.01.2026

11

0

Үкіметтің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру шешімі дұрыс. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

  • Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына жүргізілген кешенді тексеру көптеген заң бұзушылық пен теріс пайдалануды анықтады. Негізінен, бұл — қарабайыр қосып жазу деректері мен мемлекеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру мақсатында құжаттарды қолдан жасаудың өрескел фактілері. Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз етуге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және денсаулық сақтау саласын дамытуға бүкіл ел күш-жігері мен қаржысын жұмылдырып отырған шақта, әлеуметтік салаға бөлінген қомақты қаражаттың ашықтан-ашық талан-таражға салынуы жол беруге болмайтын жағдай, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің дерегінше, 2024–2025 жылдары тек денсаулық сақтау саласын дамытуға мемлекет 7,8 трлн теңге бөлді. 

  • Құқық қорғау органдарына сыбайлас жемқорлық схемаларынан пайда тапқан барлық тұлғаны анықтау тапсырылды. Үкіметтің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру шешімін қолдаймын. Қорда орын алған жағдай — бұл әлеуметтік сала басшыларының кәсібилігінің жоқтығы мен мемлекеттік мүддеге немқұрайлы қарауының салдары, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: