Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Бейсенбі, 22 қаңтар, 12:57

Бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру – басты мүдде

21.01.2026

7

0

Жалағаш ауданы құрылған жылдан бері ел ішінде оқу-ағарту бөлімі жұмыс істейді. Кейін аудандық білім бөлімі болып қайта құрылғаны да белгілі. Кеңес дәуірінде осы салада Н.Найманқұлов, Қ.Асауов, Ұ.Еспанов, Б.Табынбаев, т.б. азаматтар қажырлы еңбек етіпті. Ал Тәуелсіздік алған соң да білім беру ісінде жоспарлы жұмыстар өз кезегімен жүрген. Бірнеше мектеп пен балабақша бой көтерді.

Қазір ауданда 20 мектеп болса, 1 255 педагог-мұғалім уақыт талабымен қызмет етіп, білім беру көшін жаңа белестерге бастап келеді. 7 мыңға жуық оқушы мектеп қабырғасында. 38 мектепке дейінгі ұйымда 1900-ға жуық бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ Оқушылар үйі, «Өнер» мектебі және екі спорт мектебінде жалағаштық өрендер қосымша біліммен қамтылған.
Өткен жылы республикалық ауыл мек­тептеріне арналған олимпиаданың облыс­тық кезеңіне Жалағаштан 106 оқушы қа­тысты. 22 оқушы жеңімпаз атанып, білім до­дасының республикалық кезеңіне жол­дама алды.
– Астанада өткен олимпиадада 8 оқу­шы­­мыз жеңімпаз атанды. Атап айтсақ, Ай­зат Тұрсынбек, Манас Құрақбай, Жайна Мұ­хан, Айғаным Әди, Құралай Төремұрат, Ернұр Арғын, Арнұр Нұрлыбекұлы сынды шәкірттеріміз жеңіске жетті. Бұл – ауыл оқу­шыларының терең білімі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі, ұстаздардың үздіксіз қол­дауы мен қажырлы еңбегінің жемісі, – дей­ді аудандық білім бөлімінің басшысы Тал­ғат Садықов.
Талғат Құрақбайұлының айтуынша, был­тыр жалпы білім беретін пәндер бойын­ша өткен пәндік олимпиаданың респу­бли­ка­лық кезеңіне Жалағаш ауданынан екі оқушы қатысыпты. Олар да жүлделілер қа­тарынан көрінген. Сондай-ақ осы олим­пиа­да қорытындысымен Темірбек Жүр­генов атындағы №123 мектеп-лицейі рес­­пуб­ли­­кадағы «100 үздік олимпиада мек­тебі» рей­тин­гісіне енді.
Жыл басында, яғни 6-8 қаңтар ара­лы­ғында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен олимпиаданың облыстық кезеңіне ау­даннан 41 оқушы қатысып, 31 оқушы жүл­делі орын иеленіпті. 6 оқушы ақпан-нау­рыз айында өтетін олимпиаданың республи­ка­лық кезеңіне жолдама алған.
– Педагогтер арасында өткен «Педа­го­ги­калық идеялар фестивалі – 2025» бай­қауының облыстық кезеңінде №118 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлнәр Жүнісова мен №31 мек­теп-гимназияның бастауыш сынып мұға­лімі Мақпал Қосжанова бірінші орын алса, республикалық кезеңде арнайы ди­плом­мен марапатталды. «Үздік авторлық бағдарлама – 2025» байқауының республи­калық кезеңінде №201 мектеп-лицейінің ло­гопеді Роза Әбдрахманова ІІ орын ие­лен­ді, – дейді бөлім басшысы.
Былтыр Жалағаш ауданында 450 түлек мектептен қанат қақты. Осы бітірушілердің 388-і, яғни 87,2 пайызы ұлттық бірыңғай тес­тілеу сынағына қатысқан еді. Аймақ бо­йынша олардың орташа балы – 84,1 пайыз.
– ҰБТ-ға қатысқан мектеп бітіру­ші­­лер­дің 283-і мемлекеттік білім беру гран­ты арқылы жоғары оқу орнына түсті. Ал түлектер арасынан «Алтын белгіні» 16 біті­руші иеленді. Әрі барлық «Алтын бел­гі» иегері 100-ден жоғары бал жинап, өз бі­лімдерін дәлелдеп шықты. Оқуға түс­кен­дер арасында педа­го­гикалық 120, меди­ци­налық 19, тех­ни­калық 60, ауыл шаруа­шы­лығы ма­ман­дықтары бойынша 41 және басқа да мамандықтармен 43 грант иегері бар, – дейді аталған бөлімнің сектор меңге­ру­шісі Жазира Жүргенова.
Оның айтуынша, аудандық білім бөлімі халықаралық, республикалық, об­лыстық деңгейде олимпиадалар мен ғылыми жо­балар және түрлі шығар­машылық байқау­лар мен байқауларда үздік нәтиже көр­сет­кені үшін облыстан «Жас ғалымдар ор­дасы» номинациясын иеленген.
– Республикалық деңгейде Т.Жүр­генов атындағы №123 мектеп-лицейі «Үз­­дік 100 олимпиадалық мектеп» құра­мына енсе, әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейі «Үздік ауыл мектебі» но­минациясымен жә­не осы мектеп-ли­цейдің 11 сынып ­оқу­шы­сы Азамат Тұр­сынбек Сүлеймен Деми­рел атын­дағы уни­верситетінің білім гран­тын ұтты. Ал 10-сынып оқушысы Айзат Тұр­сынбек О.Жәутіков атындағы республи­ка­лық фи­зика-математика мектебіне оқуға жол­­дама алды. №123 мектеп-лицейінің оқу­­шысы Ақбота Жәли Қазақ Ұлттық уни­вер­ситетінің грантын иеленді, – дейді сек­тор меңгерушісі.
Былтыр аудандағы цифрландыру бағы­тында «Қазақстан халқына» қоры есе­бі­нен 200 млн теңге қаржыға 7 ауыл мен кент­тегі мектептерде барлығы 21 пәндік кабинет қайта жабдықталған. Сонымен қа­тар балалардың қауіпсіздігін қамту мақ­са­тымен 100 пайыз бейне­ба­қылау жүйесі орнатылған. 20 мек­теп полиция бөлімімен интеграция жа­са­лыпты. Былтыр мектепке дейінгі бі­лім беру және қосымша білім беру ұйым­дарына (Оқушылар Үйі, Өнер мектебі, «Ақтерек» сауықтыру лагері) 53 млн 592 мың теңгеге бейнекамералар қойылды. Қо­­сымша дабыл түймесін орнатуға 6 млн 215 мың теңге қаралған. Мұның бар­лығы по­лиция бөлімінің жедел басқару жү­йесіне қо­сылған.
– Білім беру мекемелерінің жай-күйі, кү­тімі басты назарда қала бермек. Өткен жы­лы жай жөндеу жұмыстарына 262 млн 576,8 мың теңге қаржы қаралды. Мә­де­ниет, Аққұм ауылдары мен Жалағаш кен­тін­дегі мектептердің сыртқы және ішкі жөн­деу жұмыстары жүрді. Қайта жаңғырту жұ­мысымен аудан орталығындағы №31 мек­теп-гимназиясының есік-терезесі, кафелі ауыс­тырылды. Сондай-ақ 5 млн теңгеге Led экран, 3 жылжымалы сенсорлық па­нель тақта алынды. Абаттандыру жұ­мы­сы бойынша мектеп ауласына асфальт тө­сел­ді, – дейді білім бөлімінің бас­шысы.
Ауданда «Адал азамат» біртұтас тәр­бие» бағдарламасының брендингі жә­не білім беру ұйымдарын безендіру, ди­зайн қа­лыптастыру бойынша «Бренд­бук» жоба­сы­мен қаржы қаралған. Атал­ған қаржыға Бұ­қарбай батыр ауылын­дағы №33, Еңбек ауылына №232 және кент орталығындағы №31 білім беру ме­ке­­месіне безендіру жұ­мыс­тары істел­ді.
Тағы бір жаңалық, балалардың са­лауатты өмір салтын қалыптастыру бос уақы­тын тиімді ұйымдастыру мақса­тында ойын алаңдары жаңғыртылған. 3 мек­тепке (Жа­лағаш кенті №31 мектеп-гимназиясы, №202 және Мырзабай ахун ауылы №122 мектебі) спорт ала­ңы салынды. Қосымша аудан орта­лы­ғындағы №246 мектебі мен №201 мек­теп-лицейінің спорттық алаңдары қайта жаң­ғыртылған.
Қазір Жалағашта білім сапасын арт­ты­ру, дарынды оқушыларды ғылымға ба­ғыт­тау жұмыстары жалғасып келеді. Сон­дай-ақ балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру, тәлімді тәрбие беру ісі күн тәртібінен түскен емес.

Ержан ҚОЖАС

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: