Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Жұма, 23 қаңтар, 18:15

«Ауыл аманаты» жобасы аясында Ашық есік күні өткізілді

22.01.2026

7

0

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл, аудан әкімінің орынбасары Байнахатов Әліби, ҚР Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат бойынша жобалық кеңсесінің Қызылорда облысындағы өңірлік менеджері, «Ауыл аманаты» жобасы аясында кооперативтік жобаларды жүзеге асыру бойынша жауапты маман Ақжігітова Индира Сансызбайқызы, сондай-ақ Жалағаш аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жаппасбаев Қайрат қатысты.

Ашық есік күні барысында Индира Сансызбайқызы «Ауыл аманаты» жобасының жалпы ережелерімен таныстырып, жоба аясындағы негізгі бағыттар, жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері және кооперативтік жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, жауапты мамандардан жеке кеңес алды.

«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: