Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сенбі, 24 қаңтар, 18:46

Сыр өңірі – еңбек пен бірліктің жарқын үлгісі

24.01.2026

13

0

Тарихи тамыры те­реңде жатқан құрылтай дәстүрінің бүгінгі жаң­ғыруы – ел бірлігінің, қо­ғамдық келісім мен ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі. Сыр елінде өткен V Ұлттық құрылтайда Мем­лекет басшысы ел да­муының стратегиялық ба­ғыттарына кеңінен тоқ­­­­талып, саяси ре­фор­ма­лар, әділетті қо­ғам құру, экономиканы әр­­та­рап­тан­дыру, ұлттық құн­­дылықтар мен ұрпақ тәр­биесі, заң мен тәртіп үс­тем­дігі сынды аса ма­ңызды мәселелерге ерекше назар аударды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Сыр бойы – нағыз еңбек адамдарының мекені. Кеңес за­ма­нында осы аймақтан 100-ге жуық Еңбек Ері шық­қан. Әйгілі күрішші Ыбырай Жақаевты хал­қы­мыз ерен еңбектің символына балайды» деп атап өтті.
Президент сөзінен Сыр жұртшылығының ең­бек­қорлығы мен азаматтық жауапкершілігіне де­ген ерекше сенім аңғарылды. Бұл – жай ғана баға емес, ел дамуына адал қызмет етіп жүрген жан­дар­ға көрсетілген зор құрмет.
Қызылорда облысының заман талабына сай қарқынды дамуына, аймағымыздағы автокөлік жо­лының сапасы, әуе және теміржол жүйелерінің жаңғыртылуы, Кіші Аралды қалпына келтіру, Көк­арал бөгетін биіктету шаралары, облыс ор­та­­лығымен қатар әр ауылдың көз тартатын та­за­лығы, облыс орталығындағы жаңа тарихи-өл­кетану музейіне ерекше тоқталды.
Ауқымды инфрақұрылымдық жоба «Батыс Қы­тай – Батыс Еуропа» автодәлізі мен «Бейнеу – Сек­сеуіл» жолының құрылысының басталатынын жеткізді. Бұл – өңір халқы үшін үлкен қуаныш.
Осындай тағылымды әрі тарихи басқосуда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан «Парасат» орденін алу – мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауап­кершілік.
Сыр жұртшылығының, халық қалаулылырының атынан және өз атымнан Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Кемелұлына шынайы алғысымды біл­діремін. Көрсетілген жоғары сенім мен құрметті ақтау – мен үшін басты парыз.
Біздің басты міндетіміз – өңіріміздің дамуына нақты үлес қосу және Мемлекет басшысының бас­тамаларының табысты жүзеге асуына бірлесе ат­са­­лысу. Еліміздің іргесі берік, бірлігі мығым бол­сын!
Құрылтайда қабылданған шешімдер ел игі­лігіне қызмет етсін!


Мұрат ТЛЕУМБЕТОВ,
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: