Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сенбі, 24 қаңтар, 18:50

Әлеуметтік салаға қамқорлығы мол

24.01.2026

8

0

Сыр өңірінде V Ұлт­тық құрылтай өтті. Сала ар­дагері ретінде қоғам­дағы өзекті мәселелер тал­қы­ланып, ел дамуының ба­сым бағыттары айқын­да­латын ауқымды ша­раға құлақ түрдік. Пре­зидент қатысуымен өткен бұл жиында көтерілген ұсы­ныс­тар мен бастамалар мем­лекет пен қоғам ара­сын­да­ғы өзара байланысты ны­­ғайтуға, ұлттық бірлікті сақ­тауға және қоғамдық келісімді дамытуға ықпал етеді. Құрылтай жұмысы халықтың пікірін ескеруге, әлеуметтік, мәдени және рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталғанымен құнды. Мұндай фор­маттағы кездесулер елдің тұрақты дамуына және стра­тегиялық мақсаттардың іске асуына негіз бо­ла­ды.
Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қызылорда облысында, әсіресе әлеу­меттік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды.Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухананың құры­лысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы бар­лық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл – әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, та­банды жұ­мысының нәтижесі» деп аймақта жа­сал­ған жұ­мыстарға жоғары баға берді.
Расында, Сыр өңірі қай саланы алсақ та, көш ілгері келеді. Әсіресе облыс халқының ден­сау­лығын жақсарту мақсатында жасалған әрбір игі іске көңіліміз қуанып, мерейіміз тасып отырамыз.
Халқымызда «Ауылына қарап, азаматын та­ны» деген қанатты сөз бар. Облысымыздың қа­зіргі да­муы – аймақ басшысының тас-түйін, ты­ным­сыз тір­шілігінің жемісі.
Азаматтарға аттан түсірмес абырой берсін!
Сыр елі қарыштап дами берсін!


Абдулла ШҮЛЕНБАЕВ,
денсаулық сақтау саласының ардагері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: