Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сенбі, 24 қаңтар, 18:47

Кіші арал суын көбейтуге мүмкіндік бар

24.01.2026

9

0

Ұлттық құрылтай ел дамуы үшін маңызды қо­ғам­дық диалог алаңы бол­ғанын көрсетті. Сыр өңі­рінде құрылтай өткізу – та­рихи әділеттіліктің белгісі әрі ұлттық мемлекеттілікке бас­тау болған аймаққа көр­сетілген құрмет. Жиында кө­терілген тіл, мәдениет, өңір­лерді дамыту, әлеу­мет­тік әділеттілік мәсе­ле­ле­рі қо­ғамның нақты сұранысынан туындап отыр.
Бұл құрылтайдың басты құндылығы – халық үні ескеріліп, ұсыныстар нақты шешімдерге ұласуы тиіс деген ортақ жауапкершіліктің айқын сезілуі.
Сыр өңірінде өткен құрылтайдың жоғары дәре­жеде ұйымдастырылғанын көруге болады. Мемлекет басшысының өзі ризашылығын білдірді. Елдің саяси жүйесінде құрылтай атауын аса ма­ңызды мемлекеттік институттың символы ре­тінде сақтап қалудың мәні үлкен. Бұл ретте Президент депутаттар санына қатысты мәселе қызу пікірталас туғызғанын да ашық айтты, бұл мә­селенің де аражігін ашып берді. Шын мәнінде тиім­ді әрі кәсіби Парламент құрудың маңызы зор. Жаңа заң шығарушы орган елдегі ауқымды өзгерістерге заңнамалық тұрғыда барынша қолдау көрсетуге тиіс.

Сонымен қатар Президент Қызылордаға келіп тұрып, Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емесін де жеткізді. Расында, Арал – бір елдің ғана емес, тұтас Орталық Азияның ортақ мәселесі. Сондықтан трансшекаралық өзендерді тиімді басқару, су үнемдеу технологиясын енгізу, халықаралық ынтымақтастықты күшейту – басты міндеттің бірі. Экологиялық сана қалыптастыру мен ғылыми зерттеулерді қолдаудың маңызы зор. Бұл ретте Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынғанын, жоба осы жылдың соңында басталатынын өзі айтты. Енді Кіші Арал суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады.
Арал тағдыры – табиғатқа немқұрайлы қарау­дың ащы сабағы. Оны сақтау – келер ұрпақ ал­дын­дағы жауапкершілік. Табиғатпен үйлесімді да­му жолын таңдаған жағдайда ғана Аралдың бо­ла­ша­ғына үмітпен қарауға болады.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, ел тағдырына қатысты ең күрделі мәселелерді қазақ халқы үнемі құрылтайда, билер кеңесінде отырып шешкен. Ел бірлігі, жер тұтастығы, жұрттың амандығы бәріне ортақ ақылдасу алаңында талқыланған, шешім шығарылған, ортақ заң қабылданған. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай сол ата дәстүрдің заманға сай жаңғыруы деп білемін.


Айтбай КӨШЕРБАЕВ,
қоғам қайраткері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: