Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Сейсенбі, 27 қаңтар, 20:37

Сайлау – демократиялық қоғамның негізі

27.01.2026

19

0

Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту 2005 жылы ЕЕСҰҚ ұйымдастыруымен бастау алды. Өткен жылы 6 ақпанда бұл күннің 20 жылдығы атап өтілді. Негізінен дүниежүзілік сайлау күні ақпанның алғашқы бейсенбісінде атап өтіледі. Бұл реттіліктің де өзіндік мәні бар, өйткені халықаралық сайлау туралы келісімдерге ақпан айының басында қол қойылған.

Шындығында, сайлау күнінің өзіндік ма­ңызы жоғары, яғни азаматтардың сайлау құ­қық­тарын қамтамасыз ету, сайлау процесін же­тілдіру мә­се­лесіне қоғам назарын аударуға негізделген. Бір сөзбен айтқанда, демократиялық сайлаудың ма­ңыз­дылығын ескере отырып, сайлау­шылар­дың бел­сенділігін арттыруды көздейді.
Қазақстанда да сайлаудың маңызын халық толық түсіне бастады. Бұл елдегі саяси нау­қан­­­дардың әділ әрі ашық өтуінің нәтижесі деп тү­сі­нуіміз керек. Осыдан 5 жыл бұрын елі­міз­де ауыл әкімдерін сайлау бастау алды. Сол уақыт­тан бері Жалағаш ауданының өзінде қан­шама ауыл әкімін халық сайлады. Елді мекендер ішін­де бірнеше рет әкім сайлауы өткен ауылдар да бар.
Былтыр Жалағаш ауданында 7 ауылдық округ әкімдерін және 1 мәслихат депутатын сай­­лау өтті. Оның ішінде Қаракеткен, Бұқарбай батыр, Аламесек ауылдық округ әкімдерін сай­лау жоспарға сәйкес өтті. Ал Аққыр, Еңбек және Мәдениет ауылдық округ әкімдерін сайлау жос­пар­дан тыс өтті.
Сайлау науқаны кезінде 8 дауыс беру учаскесінде жалпы 61 саяси партия мен қоғам­дық бірлестіктің байқаушылары және сенімді өкіл­дері қатысты. 23 сайлау учаскенің 145 мү­ше­сі қолданыстағы заңнама талаптарына сай сай­ланып, комиссия құрамы толықтырылып ке­леді. Бүгінде комиссия мүшелері арасында бос орын жоқ.
Облыстық сайлау комиссиясы мен оқу ака­де­миясының бірлескен көшпелі оқыту семи­нарына 62 аудандық және учаскелік сайлау комис­сия­сы қатысып, тестілеуден өтті. Бұдан басқа ау­мақтық сайлау комиссиясы тарапынан сайлау комис­сияларының мүшелерімен 21, сайлау процесінің басқа да қатысушыларымен 32 мәрте біліктілігін арттыру бағытында оқу-семинар өтті. Семинарға 194 адам қатысты. Сондай-ақ мүгедектігі бар адам­­дардың құқықтары мен қажеттіліктері бо­йын­ша 212 сайлау комиссиясының мүшелері то­лық тестілеуден өтті.
Сайлау жүйесін насихаттау бағытында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды. Тарқа­тып айтсақ, дүниежүзілік сайлау күніне орай ау­дандық, округтік, учаскелік сайлау комис­сия­лары мен ардагерлер, студенттер және оқу­шы­лардың қатысуымен 7 іс-шара өткізіліп, 6 мәр­те ақпараттық материал және әлеуметтік же­лі­лерге пост жарияланды.
Сонымен қатар ауданның аумақтық сайлау комиссиясы жанынан жас сайлаушылар клубы құрылып, ережесі бекітілді. Жас сайлаушылар клубының құрамы аудандағы белсенді жастар арасынан 7 адаммен жасақталды.
Ақпараттық қамтамасыз ету бағыты бойын­ша өткізілген ауылдық округ әкімінің сайлауы туралы ақпарат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына және аудан әкімдігінің ресми сай­тындағы «Сайлау» бөліміне тұрақты жария­ла­нып, күнтізбелік баннерлер, билбордтар, аудио­жаз­­балар сайлаушылар назарына тұрақты жет­­кі­зіліп келеді. Биыл өкілеттілігі аяқталатын 1 кент және 5 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өт­кі­зіледі.
Жалпы Жалағаш ауданының сайлау ко­мис­сиясы аудан төңірегінде саяси науқан­дар­дың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуде нәти­же­лі жұмыс атқарып келеді. Бұл бағыттағы атқа­рыл­ған жұмыс та лайықты бағалануда. Мә­се­лен, 2024 жылы 1 қалалық және 7 аудандық сай­лау комиссиялары арасында Жалағаш ау­дан­дық сайлау комиссиясының хатшысы Даша Қо­жақұлова «Үздік аудандық сайлау комис­сия­сының хатшысы» номинациясына ие бол­ды. Сондай-ақ аудандық, учаскелік, округтік комис­сия мүшелері Орталық сайлау комиссиясы тө­­­ра­ғасының, облыстық сайлау комиссиясы тө­­ра­ғасының, аудандық сайлау комиссиясы тө­ра­­­ғасының алғыс хаттары және «Құрмет» гра­мо­та­ларымен марапатталды.
Жалпы сайлау тек үміткерлерге ғана емес, сайлаушыларға да үлкен мүмкіндік болып та­бы­лады. Сондықтан барлық сайлаушы саяси науқанның маңызын терең түсіне отырып, дұрыс таңдау жасауда жауапкершілікті бірінші орынға қоюы керек. Міне, осыдан-ақ саяси науқан бары­сында жауапкершіліктің қос тарапқа да қажет­ті­гін анық байқауға болады.

Шарабан ҚАЛЫБАЕВ,
Жалағаш аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: