Құрметті жалағаш ауданының тұрғындары!
ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес 2026 жылы 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында аудан көлемінде «Қауіпсіз аула» жедел профидактикалық іс-шарасы жүргізіледі. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – үйлерді, пәтерлерді, қараусыз қалған ғимараттарды аралап, қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды анықтап, алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеуге жіберу.
Сонымен қатар ІІО-да профилактикалық есепте тұрған адамдарды тексеру де іс-шараның негізгі мақсатының бірі болып табылады. Белгіленбеген орында сауда жасау, рұқсат етілмеген заттар сату секілді әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау да күн тәртібінен түспейді.
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
#НАШАПОЛИЦИЯ
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
#ЗАКОНИПОРЯДОК
Жалағаш аудандық полиция бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!