Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сәрсенбі, 04 ақпан, 20:27

Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті

04.02.2026

11

0

Бүгін Жалағаш кентінде «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихаттағы партияның депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Отырысты фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева ашып, жүргізді. Отырысқа фракция мүшелерімен қатар «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы Өмірзақ Тұрымбетұлы және филиалдың атқарушы хатшысы Қаншагүл Шоңмұрынқызы қатысты.

Күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды:

Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының жобасына енгізілген өзгерістерді талқылау;

     Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.

Отырыс барысында Конституциялық реформалардың маңыздылығы, саяси жүйені жаңғырту, партияның қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, фракцияның алдағы жылға арналған жұмыс бағыттары айқындалып, жоспар бірауыздан қолдау тапты.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданып, отырыс өз жұмысын аяқтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: