Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Бейсенбі, 05 ақпан, 14:54

Мемлекеттік қызметшілер және дін.

05.02.2026

6

0

Қазақстан Республикасы  – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде әрбір азаматтың ар-ождан бостандығын қамтамасыз етеді. Конституцияның 22-бабында: «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Бұл құқықты қандай да бір дінде болуға немесе ешқандай дінде болмауға, өз діни сенімін ұстануға немесе ұстанбауға еркін таңдау мүмкіндігі. Алайда, мемлекеттік қызметшінің рөлі мен қызметі тек жеке сеніммен ғана шектелмейді. Ол – мемлекет атынан халыққа қызмет ететін тұлға, сондықтан оның әрекеті кәсіби және мемлекет мүддесіне сай болуы керек. Осы тұста мемлекеттік қызметшінің діни көзқарасы мен қызметтік этикасы арасындағы шекараны дұрыс ажырату – өте маңызды. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі» – мемлекеттік қызметте моральдық-этикалық нормаларды айқындайтын басты құжат. Бұл кодексте мемлекеттік қызметшінің қоғаммен қарым-қатынасы, мінез-құлқы, қызметтік әдебі және жеке сенімі мәселелері нақты реттеледі. Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметші:

  • Қоғам мен азаматтардың сенімін ақтауға міндетті;
  • Қызметтік міндеттерін адал және кәсіби тұрғыда орындауы тиіс;
  • Өзінің діни сенімін мемлекеттік қызметке араластырмауы қажет.

Мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны – діни сенімдерді насихаттайтын емес, халыққа кәсіби қызмет көрсететін орын. Қызметкердің діни сенімін көрсететін әрекеттері мемлекеттік қызметтің бейтарап сипатына қайшы келеді. Осы себепті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 490-ші, 453-ші баптарына сәйкес әкімшілік жазалары да қарастырылған.

Әрине, мемлекеттік қызметші де – азамат. Ол өз сеніміне сай:

  • Дінді ұстануға немесе ұстанбауға;
  • Діни мерекелерді жеке өмірінде атап өтуге;
  • Ораза ұстауға немесе жұма намазына баруға құқылы.

Бірақ бұл құқықтар қызметтік міндеттерді орындауға зиян келтірмеуі тиіс. Мемлекеттік қызметшінің діни сенімі оның ішкі ісі болса, ал қоғам алдындағы қызметі – мемлекеттің бет-бейнесі. Мемлекеттік қызметшілер өз діни сенімін ұстануға құқылы болғанымен, бұл сенімді қызметтік этикаға араластырмауы тиіс. Мемлекеттік қызметтің мәртебесі – қызметшінің кәсіби бейнесі мен моральдық ұстанымына тікелей байланысты. «Мемлекеттік қызмет – халыққа адал қызмет ету, ал адал қызмет – әділет пен бейтараптықтан басталады».

Г.Айымбетова – аудандық СЭБ басқарма басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: