2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және балаларға тамақтану, тұру, медициналық көмек көрсету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібін енгізуді көздейтін Заңға қол қойды. Жаңа тәртіп мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын
мектептер, балабақшалар, сауықтыру лагерьлері мен медициналық ұйымдарға қолданылады.
Заң 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енді.
Осы Заңның қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне бақылау іс-шараларының екі жаңа форматын айқындайтын өзгерістер енгізілді:
• жоспарлы тексерулер;
• бақылау субъектілерін алдын ала хабардар етпей және әкімшілік жауапкершілік шараларын, оның ішінде айыппұл салуды қолданбай объектілерге барып мониторинг жүргізу.
Жаңа бақылау тәртібінің негізгі ерекшеліктері.
Тәуекелге негізделген бақылау жүйесі.
Жаңа тәртіп бойынша барлық ұйымдар қауіптілік деңгейіне қарай бөлінеді:
• жоғары тәуекелді ұйымдар – жиі тексеріледі;
• орта тәуекелді ұйымдар – белгілі бір мерзімде тексеріледі;
• төмен тәуекелді ұйымдар – сирек немесе тек шағым болған жағдайда ғана тексеріледі.
Тексеру барысында неге көңіл бөлінеді?
Бақылау кезінде мыналар тексеріледі:
• санитариялық-гигиеналық жағдай (тазалық,
асхана, ауыз су);
• өрт және техникалық қауіпсіздік;
• оқу-тәрбие процесінің сапасы;
• қызметкерлердің білімі мен біліктілігі;
• медициналық қызметтің ұйымдастырылуы;
• балалардың құқықтарының сақталуы;
• қауіпсіз орта қалыптастыру.
Жауапкершілік және шаралар.
Егер тексеру барысында кемшіліктер анықталса:
• ұйымға оларды жою туралы нұсқама беріледі;
• белгіленген мерзімде түзетілмесе, айыппұл салынуы мүмкін;
• балалардың қауіпсіздігіне қауіп төнсе, ұйымның қызметі уақытша тоқтатылуы мүмкін.
Жаңа тәртіптің маңызы.
Бұл бақылау тәртібі:
• балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға;
• білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыруға;
• ата-аналардың сенімін күшейтуге;
• тексерулердің әділ әрі ашық болуына бағытталған.
Мақсаты.
Бұл тәртіптің негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және білім мен
тәрбиенің сапасын арттыру.
Жалағаш аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау басқарма
басшысы Г.Аймбетова
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!