Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Жұма, 03 сәуiр, 06:59

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

09.02.2026

20

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанынан құрылған Сырдария өзеніндегі су тасқынының алдын-алу бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшы топ құрамы тиісті сала мамандарымен бірлесе отырып, нақтырақ айта кетсек «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл, Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің басшы Белсенбаев Мұхтар, «Жалағашсушар» өндірістік учаскесінің басшысы Алмасов Мақсұт, аудан әкімі аппаратының Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Нұрмаханов Бақытбек, Сырдария өзенінің Жалағаш ауданына қарасты жағалауындағы ахуалының жай күйімен танысты.

Зерделеу барысында көктемгі мұз жүру кезінде су тасқынының алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланып, тиісті сала мамандарына жағдайды жіті бақылау ұсынылды. Адам қауіпсіздігі бірінші кезектегі мәселе болғандықтан, бұл бағыттағы жұмыстар басты назарда болу қажеттігі айтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: