«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы Аққыр ауылдық округінің ішкі көшелеріне жүргізіліп жатқан асфальттау және жол жөндеу құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Мониторинг жұмыстарына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихаттағы, «AMANAT» партиясы депутаттық фракция жектекшісінің орынбасары Қуат Ахетов қатысты.
Мониторинг барысында жол төсеу сапасы, жұмыстардың мерзімі және мердігер ұйымның міндеттемелерді орындау барысы назарға алынды. Комиссия мүшелері тұрғындармен тілдесіп, олардың пікірін тыңдады.
Мақсат – партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын бақылау.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!