Аққыр ауылында сайлау науқанына қатысушылардың белсенділігі жоғары. Таңертеңнен бастап сайлау учаскесіне келген тұрғындардың қарасы қалың. Сағат 09:00-ге дейін 130 сайлаушы өз таңдауын жасап үлгерді.
Ауыл бойынша барлығы 505 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 55-і – егде жастағы тұрғындар. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі 7 азамат және үйден дауыс беретін 20 тұрғын бар. Биыл Аққыр ауылында 18 жасқа толған 6 азамат алғаш рет дауыс беріп, саяси науқанға қатысуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!