Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Дүйсенбі, 03 тамыз, 02:31

Ботаникалық бақ пен оқу-сауықтыру орталығы келушілерге сапалы қызмет көрсетуде

02.08.2026

7

0

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына жұмыс сапарында Мемлекет басшысының қолдауымен ашылған Ботаникалық бақ пен «Ai-Kerim» оқу-сауықтыру орталығына барды. Еске салсақ, Президент саябағы аумағындағы бұл нысандар аймақты Нұрлыбек Машбекұлы басқарған кезде салынған. Құрылысына 4,9 млрд теңге бөлінген Ботаникалық бақ жобасының бас мердігері – «Alem Qurylys AQ» ЖШС.

Экологиялық мәдениет пен туризмді дамытуға бағытталған заманауи көпфункционалды кешенде бірнеше мемлекеттен арнайы әкелінген экзотикалық және тропикалық өсімдіктер бар. Атап айтқанда, Қытай, Оңтүстік Африка, Жапония, Оңтүстік және Орталық Америка, Австралия, Мадагаскар сияқты елдерде өсетін 92 түрлі 3300-ден астам өсімдік егілген. Жасыл желекке қолайлы жағдай жасау үшін микроклиматты автоматты басқарудың, суару және су дайындаудың заманауи инженерлік жүйелерімен жабдықталған.

Аймақта Президент қолдауымен халық игілігіне табысталған тағы бір нысан – жыл бойы қызмет көрсететін «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы. Құрылысына 10 млрд теңге бөлінген 300 орындық тынығу лагерінің материалдық-техникалық базасы әлемдік озық стандарттарға толық сәйкес келеді. Орталық аумағында әкімшілік ғимарат, ауқымды іс-шараларға арналған ивент-аймақ, 4 жайлы жатақхана және қонақүй үлгісіндегі ғимарат бар.

Сонымен қатар балалар демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында барлық қажетті инфрақұрылым мен заманауи жабдықтар орнатылып, демалыс аймақтары жасақталған. Аумағы толық абаттандырылып, көгалдандырылған.

Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация спорт залын, бассейнді, кітапхананы, инклюзия, робототехника, 3D графика, ғарыш инженериясы, өнер, ғарыш және радио байланыс, астрономия, әуе және ұшқыш, биология кабинеттерін, лагерь ауласындағы амфитеатр, киіз үй және жатақхананы аралады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: