Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

41°C

, Сейсенбі, 11 тамыз, 15:34

Қызылордада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде

11.08.2026

3

0

Қызылорда облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қызылордада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде


Жыл басынан бері 1064 азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылып, 239 адамға ерекше талаптар белгіленді. Қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған 74 адам Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Сонымен қатар есепті кезеңде отбасы-тұрмыстық салада 21 қылмыс орын алды.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша қызмет атқаратын қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, дағдарыс орталықтарында отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Қызылордада отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде


Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі. Отбасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау – полиция қызметінің басты міндеттерінің бірі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: