Құрылтай

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Сейсенбі, 18 тамыз, 18:33

Азаматтық сот ісін жүргізуде дәлелдемелерді бағалау

18.08.2026

7

0

         Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекснің 7 тарауында дәлелдемелер және дәлелдеу жиынтығы көрсетілген.

        Сот солардың негізінде тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың, сондай-ақ істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы мәліметтер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

       Фактілер туралы мәліметтер тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктемелерінен, куәлардың айғақтарынан, сарапшылардың қорытындыларынан, заттай дәлелдемелерден, процестік әрекеттердің хаттамаларынан, сот отырыстарының хаттамаларынан, аудио-, бейнежазбаға, процестік әрекеттердің барысын және нәтижелерін көрсететін бейнеконференцбайланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған деректерден және өзге де көздерден алынуы мүмкін.

      Егер дәлелдемеде іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар екендігі туралы түйіндерді растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін фактілер туралы мәліметтер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды. Дәлелдеме осы Кодексте көзделген тәртіппен алынса, сот оны жарамды деп таниды. Аудио-, бейнежазбалар, оның ішінде байқау және (немесе) тіркеу аспаптарымен алынғандар, фото және (немесе) киноға түсіру матералдары, электрондық, цифрлық және өзге де материалдық жеткізгіштердегі басқа да материалдар жарамды дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін. Істің заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс мән-жайларының ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуы мүмкін емес. Фактілер туралы мәліметтерді, егер олар осы Кодекстің талаптарын бұза отырып, іске қатысатын адамдардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу арқылы, оның ішінде: зорлық-зомбылықты, қорқытуды, алдауды, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттерді қолдану арқылы; іске қатысатын адамға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндірмеу, толық немесе дұрыс түсіндірмеу салдарынан туындаған оның жаңылысуын пайдалану арқылы; осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ тұлғаның процестік әрекетті жүргізуіне байланысты; қарсылық білдірілуге жататын тұлғаның процестік әрекетке қатысуына байланысты; процестік әрекетті жүргізу тәртібін елеулі түрде бұзу арқылы; белгісіз көзден не сот отырысында анықтала алмайтын көзден; дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы; тараптың немесе іске қатысатын басқа да тұлғалардың дәлелдерін негіздеу немесе теріске шығару мақсатында мазмұнын арнайы дайындау немесе өзгерту арқылы алынған фактілер туралы мәліметтердің анықтығына ықпал еткен немесе ықпал ете алатын дәлелдемелер ретінде сот жарамсыз деп таниды. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мәліметтердің дәлелдемелер ретінде пайдаланылуына жол бермеу соттың қалауы немесе іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша анықталады. Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердің заңдық күші жоқ деп танылады және оларды сот шешімінің негізіне алуға, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдалануға болмайды. Мұндай дәлелдемелер бұзушылықтар фактісін және оларға жол берген тұлғалардың кінәсін дәлелдеу кезінде пайдаланылуы мүмкін. Дау (жанжал) медиация тәртібімен реттелмеген жағдайда, судья өзі сотта медиация жүргізу кезінде алған дәлелдемелерді, егер тараптар бұған қарсы болмаған жағдайды қоспағанда, іс жүргізуінде іс жатқан судьяға ұсына алмайды. Егер тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме анық деп есептеледі. Әрбір дәлелдеме оның қатыстылығы, жарамдылығы, анықтығы ескеріле отырып, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға тиіс. Осы Кодекстің 16-бабына сәйкес судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды. Егер бір тарап екінші тарап ұсынған дәлелдемелерге дау айтпаса және оларды мойындаса не дәлелдемелерге дау айту жауапкердің қарсылығынан немесе жауапкердің дәлелдеріне қарсы талап қоюшының қарсылығынан тікелей туындамаса, мән-жайлар анықталды деп есептеледі. Екінші тарап ұсынған дәлелдемелердің бұрмалануы туралы өтінішхат мәлімделген жағдайда, осындай мәлімдеме жасаған тұлға дәлелдемелердің бұрмаланғандығы туралы куәландыратын белгілерді көрсетуге міндетті. Егер дәлелдемені ұсынған тұлға, оның бұрмалануы туралы мәлімдемені негізді деп таныса, сот дәлелдемені жарамды дәлелдемелер қатарынан шығарып тастайды және істі басқа дәлелдемелердің негізінде шешеді. Мән-жайлар, егер оларды растауға құжаттардың көшірмелері ғана ұсынылса, түпнұсқасын ұсыну қажеттігі заң талаптарынан туындаса, анықталды деп есептелмейді, құжаттың төлнұсқасы жоғалса және сотқа берілмесе; дауласушы тараптардың әрқайсысы ұсынған осы құжаттың көшірмелері бір-біріне ұқсамаса;  құжат төлнұсқасының мазмұнын басқа дәлелдемелердің көмегімен анықтау мүмкін болмаса, сот сонымен қатар құжаттың көшірмесімен немесе өзге де жазбаша дәлелдемелермен ғана расталатын мән-жайларды оның мазмұнын даулаған кезде дәлелденді деп есептей алмайды. Егер іс үшін маңызы бар және екінші тарап жоққа шығармаған мән-жайларды даусыз растайтын, іске қатысты жарамды және анық дәлелдемелер жиналса, дәлелдемелердің жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткілікті деп танылады.

      1. Іске қатысатын және өздері үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну кейіннен мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар адамдар соттан осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.

      2. Сот дәлелдемелерді қамтамасыз етуді куәлардан жауап алу, сараптама тағайындау және жүргізу, дәлелдемелерді олардың сақталған жерлерінде қарап тексеру, сот тапсырмасын жіберу және басқа да тәсілдер арқылы жүргізеді.

      3. Сотта іс қозғалғанға дейін дәлелдемелерді қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

     Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арыз іс жүргізуінде іс жатқан сотқа беріледі. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арызда қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, осындай қамтамасыз ету қажетті растау немесе теріске шығару үшін істің мән-жайлары, қажет дәлелдемелерді ұсынудың қиындығын куәландыратын деректер көрсетілуге тиіс. Арыз беруден бас тартылған дәлелдемелерді қамтамасыз ету қажет болған іс онда көрсетілуге тиіс.Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арызды қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарым шығарады, оған сәйкес дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша процестік әрекеттерді жасайды не одан бас тартады. Ұйғарымға апелляциялық сатыдағы сотқа жеке шағым берілуі, прокурор өтінішхат келтіруі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Шығарылған ұйғарымға қатысты істен бөліп алынған материал жеке шағыммен, прокурордың өтінішхатымен бірге апелляциялық сатыдағы сотқа жіберіледі. Дәлелдемелерді қамтамасыз етуді судья істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе істі бірінші сатыдағы сотта қарау кезінде арыз келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізеді. Арыз беруші және іске қатысатын басқа да тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз етудің уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі соттың дәлелдемелерді қамтамасыз етуі бойынша жеке процестік әрекетті жасауына кедергі болып табылмайды. Хаттамалар және қамтамасыз ету тәртібімен жиналған барлық дәлелдемелер бұл туралы іске қатысатын адамдарға хабарлана отырып, істі қарайтын сотқа беріледі.  Әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғану құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелерді және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімдерде келтіруге тиіс.Дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі. Егер дәлелдемелерді ұсынған тұлғалар оларды істі сот талқылауына дайындау сатысында ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе, дәлелдемелер сот талқылауы сатысында ұсынылуы мүмкін. Осы Кодекстің 404-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда дәлелдемелер апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынылуы мүмкін.

      Тараптардың қолында бар дәлелдемелерді сотқа ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық сатылардағы сотқа ұсыну мүмкіндігін болдырмайды.

Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды сот тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдардың талаптары мен қарсылықтарының негізінде, қолданылуға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып анықтайды. Тұлға осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда істі сот талқылауына дайындау барысында не сот талқылауы барысында ашылған және сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелерге ғана сүйенуге құқылы.Сот тараптар мен іске қатысатын басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер беруді ұсынуға құқылы.Іске қатысатын тараптар мен басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді беру қиын болған жағдайда, бірінші сатыдағы сот олардың өтінішхаты бойынша оларға дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсетеді.

      Бірінші сатыдағы сот қанағаттандырусыз қалдырған, тарапқа қажетті дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсету туралы өтінішхат апелляциялық сатыдағы соттың алдында апелляциялық шағымда немесе сот отырысында мәлімделуі мүмкін. Дәлелдемелерді талап етіп алдыруға жәрдем көрсету туралы өтінішхатта дәлелдеме, сондай-ақ іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар осы дәлелдемемен анықталатыны немесе теріске шығарылатыны, дәлелдемелерді өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс. Қажет болған кезде сот іске қатысатын адамға дәлелдемені алу үшін сұрау салуды береді. Сот талап еткен дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа дәлелдемені ұсыну үшін соттың тиісті сұрау салуы бар тұлғаның қолына береді. Корпоративтік даулар бойынша дәлелдемелерді тек қана сот талап етуге және тікелей сотқа жіберілуге тиіс. Талап етілген дәлелдемелерді ұсынбаудың себептері туралы сотқа хабарланбаған, сондай-ақ сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша сот белгілеген мерзімде дәлелдемелер ұсынылмаған жағдайда, кінәлі лауазымды немесе іске қатыспайтын өзге де тұлғалар осы Кодекстің 9-тарауында белгіленген қағидалар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жазаға тартылады. Әкімшілік жаза қолдану сот талап еткен дәлелдемені иеленген тұлғаны дәлелдемені сотқа ұсыну міндетінен босатпайды. Соттың талабын қасақана орындамаған жағдайда көрсетілген тұлғалар қылмыстық жауаптылықта болады.Егер тарап сот талап еткен дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұрау салуы бойынша сот белгілеген мерзімде ұсынбаса, онда қамтылған мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп болжанады және ол мойындады деп есептеледі. Төрелік талқылау тараптары төреліктің келісімімен дәлелдемелерді алуға жәрдемдесу туралы өтінішхатпен сотқа жүгіне алады, ол осы баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацына сәйкес қаралады.

Б.Исағабылов 

Судьялар Одағының мүшесі

аудандық соттың бас маманы                                                      

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: