Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жексенбі, 23 тамыз, 08:35

Жалағаштық сайлаушылар саяси науқанда белсенді

23.08.2026

4

0

Сағат тілі таңғы 07:00-ді соққанда, Жалағаш ауданындағы барлық сайлау учаскесі Мемлекеттік Әнұранмен өз жұмысын бастады. Алдымен редакцияның тілшілер тобы кент орталығындағы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде орналасқан №128 сайлау учаскесіне аялдады.

Иә, мұнда да таң атпай сайлаушылар белсенді. Келушілер қатарында қарт кісілер де, орта буын өкілдері, тіпті биыл алғаш дауыс беру мүмкіндігіне ие болған жастар да бой көрсетті. Әлбетте елдің жарқын болашағында маңызды рөл атқаратын саяси науқанда сайлаушылардың бұл белсенділігі бізді қуантты.
Тәуелсіздік жылдардан бері ешқандай сайлаудан шет қалмаған кент ардагері Қожатай Құлмаханның да пікірі осыған саяды.
«Бұл саяси науқан мемлекеттің болашағында қандай маңызды рөл атқаратынын өздеріңізде жақсы білесіздер. Қарт сайлаушы ретінде айтатын болсам осыған дейінгі сайлаулардан бүгінгі саяси науқанда халықтың белсендігі анық байқалады. Жаңа таң атпай әсіресе жастардың төбе көрсетуі мені де қуантты. Өйткені мемлекеттің келешегі сол жастармен тікелей байланысты» – деді Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожатай Құлмахан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: