Аудан орталығындағы №128 сайлау учаскесінде Жалағаш аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Құлмахан Қожатай бастаған ардагерлер өз таңдауларын жасады.
Қоғамның түрлі саласында еңбек еткен ардагерлер ел болашағы үшін дауыс беруді азаматтық борышы деп санайтындарын жеткізді. Ардагерлер орта буын мен жастарға жол сілтеуші аға буын өкілдері. Олар еліміздің болашағы жастардың қолында екенін түсіндіре отырып, саяси науқанға жастардың белсенді қатысуы үшін бағыт беруі керек. Жалағаш аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қожатай Құлмахан өз ойын білдіре отырып, ең бастысы ел бірлігі екенін атап өтті.
-Бүгін міне, Құрылтай сайлауына келіп, дауыс беріп тұрмыз. Сайлау – халықтың пікірін білудің демократиялық жолы.
Құрылтай сайлауы– кемел келешегіміздің, біртұтас бірлігіміздің, дербес мемлекеттік даралығымыздың, ұлттық татулығымыздың кепілі болады деп ойлаймын, – деді Қожатай Құлмахан.
Жалағаш кентіндегі №128 сайлау учаскесіндегі көпшіліктің қарасы қалың. Жергілікті тұрғындардың барлығы осында өз таңдауын жасауға келуде. Әрине, елдің ертеңі үшін дауыс беруге асыққан ағайынның бұл қадамы өнегелі іс.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!