Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Дүйсенбі, 31 тамыз, 02:56

Өзбекстан Әзербайжанмен бірлесіп бензин мен авиаотын өндірмек

30.08.2026

8

0

Ташкент пен Баку Өзбекстан нарығына арналған автомобиль және авиациялық отынды бірлесіп өндіру, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін ұзақ мерзімді жеткізу мәселесін талқылап жатыр. Бұған елдегі отынға деген ішкі сұраныстың артуы себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстанның энергетика министрі Шерзод Ходжаевтың айтуынша, тараптар талқылап жатқан нұсқалардың бірі Өзбекстан мен Әзербайжандағы мұнай өңдеу кәсіпорындарында жанар-жағармай өндіруді көздейді. Оның сөзінше, Өзбекстан тарапы Әзербайжанға мұндай ынтымақтастықтың бірнеше нұсқасын ұсынған.

Өзбекстан Энергетика министрлігінің мәліметінше, екі ел мұнай мен мұнай өнімдерін ұзақ мерзімді жеткізуді, көмірсутек шикізатын бірлесіп өңдеуді, технология алмасуды және тұрақты логистикалық тізбектер құруды да қарастырып жатыр.

Қыркүйектің алғашқы онкүндігінде Шерзод Ходжаев бастаған Өзбекстан делегациясының Әзербайжанға сапары жоспарланған. Сапар барысында Әзербайжан Энергетика министрлігімен және мемлекеттік мұнай-газ компаниясы SOCAR өкілдерімен келіссөздер жүргізіледі деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: