Қызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен азаматтарға бір күндік жалақысын аударды. Қаржы Төтенше Жағдай салдарын жоюға және тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіруге жұмсалады.
«AMANAT» партиясының облыстық филиалы Қызылорда қаласында, 7 аудан мен Төретам кентінде 9 гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ашып, күнделікті азаматтардан көмек қабылдауда.
Бүгінгі күнге 30 тоннадан астам заттар жинақталды. Қабылданып жатқан заттар: бұзылмайтын азық-түліктер, жылы киім- кешектер мен көрпе-төсектер, тұрмыстық техникалар мен жабдықтар, гигиеналық заттар, балалардың оқу құралдары мен канцеляриялық заттар, құрылыс материалдары.
Сыр елінің белсенді кәсіпкерлері де қаржылай көмек көрсететін болады.
Облыс атынан гуманитарлық көмектің арнайы жүк көліктері Қостанай облысына бүгін, яғни 6 қыркүйек күні жолданады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы бойынша гуманитарлық көмек қабылдау пунктерінің Қызылорда қаласындағы мекенжайы партияның қалалық филиалының ғимараты Ы.Жақаев көшесі 15А. Байланыс нөмірі: 8-747-530-85-79, 8-778-460-23-00.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!